Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
7934 3 пікір 25 Наурыз, 2020 сағат 17:43

Миллиардер Алишер Усманов коронавирус пандемиясы кезінде тарихи отаны Ташкентке оралған

Ұлты өзбек ресейлік миллиардер Алишер Усманов Forbes Russia басылымына берген сұқбатында коронавирус пандемиясы алдында бәрі тең, ешкім бұл індеттен қашып құтыла алмайды, сонымен бірге қаржылық жағынан да оңайға түспейтінін айтқан.

«Коронавирус пандемиясы сөзсіз бизнеске, әлем экономикасына ықпал етеді. Кәсіпкерлердің активтері ғана емес, міндеттері де бар. Оларға вирус та, нарықты шайқалтып жатқан ақпараттық толқын да әсер етеді. Пандемия алдында бәрі тең, Алла бұл аурудан аман-есен шығуға жазсын»,- деген Алишер Усманов.

Усманов қазір өзінің Ташкентке оралғанын айтқан.

«Мен өзім қатерлі топқа жататындықтан, тарихи отаным Ташкентке келіп, оқшауландым»,- дейді ол.

Өзбекстан билігі жасы 65-тен асқандарға үйінде отыруға кеңес берген.

Соңғы мәлімет бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 55-ке жетті.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2531
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663