Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2847 0 пікір 26 Наурыз, 2020 сағат 11:31

Түркия журналист Хашогги өліміне қатысты істегі күдіктілерге айып тақты

Түркия араб журналисі Жамал Хашоггидінің өліміне қатысты істегі жиырма күдіктіге айып тақты. Бұл туралы түрік Бас прокуратурасы хабарлады.

Соттың қашан басталатыны әзірге белгісіз. Айыпталушылардың дені өмірлік түрме жазасын алуы мүмкін.

Күдіктілердің арасында Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің бұрынғы кеңесшісі де бар.

The Washington Post газетінің колумнисті болған Жамал Хашоггиді 2018 жылы қазанда Сауд Арабиясының Стамбулдағы елшілігінде өлтірді. Журналист Эр-Рияд саясатын, әсіресе тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманды сынап келген. Хашогги мәйіті әлі табылған жоқ.

Өткен жылы қазан айында Human Rights Watch Хашогги өліміне қатысты іс бойынша жабық сот процесін халықаралық стандартқа сай емес деп таныған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1029
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2577
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 682