Жексенбі, 24 Қараша 2024
Коронавирус 7467 1 пікір 26 Наурыз, 2020 сағат 20:14

Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте карантин режимі күшейтіледі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалық етуімен өткен селекторлық отырыста:

- елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов,

- ТЖ кезінде шектеу шараларын бұзғандарды жауапқа тарту туралы - ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев пен Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов,

- республикалық маңызы бар қалалардың ахуалы туралы - Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов,

- азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына баға белгілу туралы - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров және басқа мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады.

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекітті.

Ол бойынша:

1. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

2. Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);

3. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

4. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);

5. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.

Шымкент қаласы бойынша:

- Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі,

- Шымкент қаласында сонымен қатар әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады,

- Халық көп жиналатын жерлер жабылады (саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші көшелері, ойын алаңдары т. б.),

- Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі (сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін үйге жеткізумен),

- Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі,

- Азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтары мен киім-кешек базарларының, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеу Шымкент қаласының әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту! Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту - 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден басталады.

Бұл коменданттық сағат емес

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министр Дәурен Абаев бүгін өткен шғыл брифингте карантин режимінің күшейтілуіне қатысты пікір білдірді.

"Биліктің ТЖ кезіндегі оқшаулауға қатысты барлық талаптарын орындау керек.28 наурыздан бастап үш қалада (Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент - ред.) жаңа шектеу шаралары күшіне енеді. Бұл коменданттық сағат емес. Алайда ТЖ талаптарын бұлжытпай орындауларыңызды сұраймыз", - деді министр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594