Жексенбі, 24 Қараша 2024
2318 3 пікір 27 Наурыз, 2020 сағат 10:44

G20 саммитінде Путин санкцияларға мораторий жариялауын сұрады

"Үлкен жиырмалық" елдері жетекшілерінің бейсенбі күні видеоконференция форматында өткен жиналысында Ресей президенті Владимир Путин халықаралық санкциялардан бас тарту жөнінде ұсыныс жасады.

"Қажетті тауарларды сатып алу қажетті қаржы транзакцияларын шектеуге мораторий енгізгеніміз дұрыс болады", - деп мәлімдеді Путин.

2014 жылдан бері Ресей санкциялардың зардабын тартып келеді. Батыс елдері Кремльге қатысты санкцияларды Ресейдің Қырымды аннексиялап, Донбасстағы қарулы жанжалда жікшілдерге қолдағаны үшін енгізген.

Путин дағдарысты еңсеру үшін халықаралық институттарды қайта ұйымдастыру туралы да ұсыныс жасады. Бірақ ол нақты идея айтқан жоқ.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин мен Франция президенті Эммануэль Макрон кездесуінде санкцияны алып тастау мәселесі көтерілмеген.

"Үлкен жиырмалық" саммитінде бірлескен мәлімдеме қабылданды. Онда ұйымға мүше елдер дағдарысты еңсеру үшін бес триллион доллар бөлетіні айтылған. Бұған қоса мемлекеттер коронавирус инфекциясының вакцинасын бірге іздеп көрмек.

26 наурызда кешке қарай әлемде коронавирус кеселін жұқтырғандар 520 мыңнан асты. Қатерлі індеттен 23 мыңнан астам адам қаза тапты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588