Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3975 2 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 01:41

Алматы облысында карантиндегі 4 адамның сараптамалары шықты

Нұр-Сұлтандағы қауіпті вирустан қайтыс болған әйелмен жақын қатынаста болған тағы 7 адам Алматы облысында анықталған.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөзінің хабарлауынша, марқұммен байланыста болған Алматы облысының тұрғындары қазір карантинге жатқызылған.

"Марқұммен тікелей байланыста болған 7 адамды анықтадық. Олардың барлығы оқшауландырылып, арнайы сараптамалар жасалды. 27 наурызда 4 сараптаманың қорытындысы шықты. Тексеру нәтижесінде вирус белгілері анықталған жоқ. Дегенмен, олар әлі бақылауда (карантинде) болады. Қалған 5 адамның сараптамалары тексерілуде. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз", - делінген сараптама қорытындысында.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласында 64 жастағы әйел коронавирустен қайтыс болғаны хабарланған. Кейін анықталғандай, марқұм Алматыға құдалыққа келіп-кеткен екен. Ал ол құдылақта Алматы облысының да азаматтары болған.

Алматы облысы азаматтарының арасында марқұммен тікелей байланыста болған жалпы 9 адам анықталды. Бұл 9 адаммен байланыста болғандар да түгел анықталған. Олар қазір карантинде.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572