Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4383 18 пікір 29 Наурыз, 2020 сағат 11:57

Адам. Әлде экономика. Қайсысын құтқару керек?

Бүкіл әлемнің бүгінгі басты диллемасы – адам әлде экономика, қайсысын құтқару керек?

Экономиканы қоя тұрып, адамдарды құтқарған жағдайда, экономика қысқамерзімді кезеңге ғана шыдайды, бір айдан үш айға дейін. Ал осы уақыт аралығында коронавирусты жеңбесек, экономика, денсаулық сақтау, саясат салаларының қай-қайсысының да жағдайы мәз болмасы анық. Былайша айтқанда, хаос, дефицит және өлім санының артуы орын алады.

Егер вирусқа мән берместен, экономиканы құтқаратын болсақ, вирустың таралуы орасан зор масштабты қамтып, денсаулық сақтау жүйесі қатты зардап шегеді. Барлығымыз ауруды жұқтырып, 2%-дан 4%-ға дейінгі адамдар, әсіресе, егде жастағылар, өледі. Вируспен бір ауырып шықсақ, бізде иммунитет қалыптасады да, экономика тезірек аяққа тұрып, біз әрі қарай қалыпты өмірімізді жалғастыра аламыз.

Менің ойымша, қазір билік стратегиялық тұрғыдан маңызды, өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ететін өндіріс орындарының тізімін жасауы керек және бұл өндіріс орындары ешнәрсеге қарамастан, тіпті, аспан айналып жерге түссе де, жұмысын жалғастыра беруі керек. Олардың жұмыс жасауына толық жағдай жасап, экономиканың қалған секторларын карантинге жауып тастау керек. Болды, нүкте. Адамзат вирусқа қарсы дәрі ойлап тапқанға дейін немесе денсаулық сақтау саласына артық жүктеме жасамай, бар халық бір ауырып шыққанға дейін жалғыз дұрыс амал – осы.

Америкалықтардың әрекетіне қарайтын болсақ, олар экономиканы құтқаруды таңдады. Трамптың дәйектемелері мынадай:

Америкалықтар COVID-19 коронавирусының таралуына қарамастан, жұмыстарына оралуы тиіс. Бұл туралы Fox News телеканалының эфирінде АҚШ президенті Дональд Трамп жариялады.

«Біз жұмысқа қайта оралуымыз керек. Тұмаудан мыңдаған адам көз жұмады. Сонда да, біз ешқашан елімізді «тоқтатып» тастамадық. Одан да көп адам жол апатынан қаза болады. Бірақ, біз автокөлік өндіріс орындарынан көлік жасауды тоқтатуды сұрап жатқанымыз жоқ», — деді Америка көшбасшысы.

Оның сөзі бойынша, иә, адамдар вирустан өліп жатыр, бірақ, егер ел көлемді рецессия мен депрессияға түссе, одан да көп адамынан айырылады.

Трамп АҚШ «жұмыссыз қалу үшін жаралмаған» деген сенімде.

Ол адамдар үйінде немесе пәтерінде қамауда отыруды қаламайтынын атап өтті.

Ал сіз қалай ойлайсыз?

Марғұлан Сейсембай 

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555