Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4496 0 пікір 30 Наурыз, 2020 сағат 13:59

Қазақстан 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты

Қазақстан 1-шілдеге дейін транзиттік жолаушылар үшін 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

«Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің 72 сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», - делінген Қаулыда

Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айынан бастап «Нұр-Сұлтан» және «Алматы» халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз кіру режимі іске қосылған болатын.

2020 жылдың қаңтарында айрықша режимге  Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалалары қосылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2305
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 576