Сенбі, 23 Қараша 2024
3868 6 пікір 31 Наурыз, 2020 сағат 10:17

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған әйелді ауруханаға кеш жатқызған дәрігерлер жазаланды

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, Ақмола облысы жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына сөгіс жарияланды. Облысының 64 жастағы тұрғыны уақытылы медициналық көмек ала алмай, коронавирустан қайтыс болды.

Әйел қазасы Қазақстанда үлкен дауға ұласты. Марқұмның баласы оның өліміне дәрігерлерді айыптады. Оның айтуынша, дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызудан бірнеше мәрте бас тартқан.

Марқұмның баласының мәлімдемесі әлеуметтік желіде тараған соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізген. Шенеуніктердің айтуынша, дәрігерлер науқас тұмауратып қалған деп есептеген.

"Туыстарына дұрыс түсіндірмеген, соның салдарынан осындай дау шықты. Науқасты ауруханаға уақытылы жатқызбаған соң оның жағдайы күрт нашарлап, соңы өліммен аяқталды", - деп мойындады министр.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 31 наурыз 00:30-дағы дерегі бойынша, Нұр-Сұлтанда бес адамнан, Ақмола облысында бір адамнан коронавирус табылды. Осылайша елде Covid-19 вирусын жұқтырғандар 308 адам болды.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354