Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
5170 7 пікір 31 Наурыз, 2020 сағат 10:52

Дональд Трамп пен Владимир Путин пандемия мен мұнайды талқылады

Кремльдің хабарлауынша, 30 наурызда "америкалықтардың сұрауымен" Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп телефонмен сөйлесті.

Олар әлемде коронавирустың таралуынан туындаған мәселелерді талқылап, өз елдерінде жасалып жатқан шаралар туралы пікір алмасты.

Кремль сайтында жарияланған мәлімет бойынша, президенттер әлемнің мұнай нарығында қалыптасқан жағдайды талқылау кезінде Ресей-АҚШ консультациясын күшейтуге келісті.

Бұның алдында Трамп Ресей мен Сауд Арабясы арасындағы мұнай бағасына қатысты соғысты талқылайтынын мәлімдеген.

Fox телеарнасына берген сұхбатында Трамп: "Мен біздің ел тарихында Ресейге ең қатаң саясат ұстанған президентпін. Мен санкциялар енгіздім, оның әсері күшті", - деді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2489
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 677
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 650