Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2184 0 пікір 11 Қазан, 2011 сағат 05:57

Серікжан. Басталды...

Әрқандай ақпарат құралы өзінің тұрақты, ойлы, қоғамдағы әрі мәселеге сергек қарайтын, өзіндік ұстанымы, пікірі, айтары бар оқырмандарымен мақтанады. Әрі сондай оқырмандары арқылы әлеуеті өсіп, маңызы артады.

«Абай.кз» ақпараттық порталы да өзінің күнделікті, тіркелген, әртүрлі тақырыптағы мақалаларға үн қосып, тың ой, соны пікір, өзіндік көзқарасын жеткізіп отыратын оқырмандарының көптігімен арқалы.

Сондай оқырмандарымыздың бірі - Серікжан. Бұл оның порталда тіркелген аты. Кеше Данияр Әшімбаев туралы (http://old.abai.kz/content/ermek-karabala-daniyar-eshimbaev-oralmandarga-nege-zhauygady ) мақаладағы пікір алаңына Серікжанның алтыншы болып жазған пікірін редакциялап, оқырман назарына ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Әрқандай ақпарат құралы өзінің тұрақты, ойлы, қоғамдағы әрі мәселеге сергек қарайтын, өзіндік ұстанымы, пікірі, айтары бар оқырмандарымен мақтанады. Әрі сондай оқырмандары арқылы әлеуеті өсіп, маңызы артады.

«Абай.кз» ақпараттық порталы да өзінің күнделікті, тіркелген, әртүрлі тақырыптағы мақалаларға үн қосып, тың ой, соны пікір, өзіндік көзқарасын жеткізіп отыратын оқырмандарының көптігімен арқалы.

Сондай оқырмандарымыздың бірі - Серікжан. Бұл оның порталда тіркелген аты. Кеше Данияр Әшімбаев туралы (http://old.abai.kz/content/ermek-karabala-daniyar-eshimbaev-oralmandarga-nege-zhauygady ) мақаладағы пікір алаңына Серікжанның алтыншы болып жазған пікірін редакциялап, оқырман назарына ұсынып отырмыз.

«Абай-ақпарат»

Басталды. Енді бұл науқан қыза түседі. Оның көрігін қыздырып отырған өздері. Елдегі әлеуметтік жағдайдың төмен болғаны үшін оралмандар кінәлі, елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздануына оралмандар кінәлі. «Діни экстремизмнің өршуіне» де, Қазақ тілінің көтеріле бастауына да, елдегі Қазақтардың саны пен пайызы көбейгеніне де оралмандар кінәлі. Енді Қазақстанда «бәріне де оралмандар кінәлі!» деген жаңа ұран пайда болады. Бұл -  биліктің кінәліні ойлап табудағы айлакерлік қадамы ғой. Бұл пікір басында Тимур Құлыбаевтың аузымен айтылған болатын. Тимурды Президенттік тақтың болашақ мұрагері деп Е.Иртышбаев жария еткен болатын. Ендеше, Тимекең өзінің таққа отырудағы саяси қызметі барысында дәл осы жерде оңдырмай саяси қате жіберді. Өзінің кім екенін, яғни, бұл да Қазақ ұлтының бірігуінің жауы екенін абайламай көрсетіп алды. Енді бұдан кейін, өлсе де оған Президенттік тақ жоқ.

Еліміздегі қазіргі 1 млннан астам оралман Қазақстандағы Қазақтардың 10 пайызын құрап отыр. Яғни, елдегі он қазақтың бірі - оралман. Сөйте тұра, оралман депутатты, оралман әкімді, оралман министрді көргенің бар ма. Данияр Әшімбаев та айтады екен, «мұнайшылар ереуіліне оралмандар кінәлі», дейді. Ау Данияр, Тимурдің сөзіне құлдық ұрып, оның тапсырысымен жалған жалақорлық (оралмандарға) мақала жазғанша, қарасаңшы, елдің Батыс аймақтарына келіп, жағдайды көзіңмен көр. Өзің Қазақстанда мұнайшы болып жұмыс жасап жүрген оралманды көрдің бе, ондайды өңің түгілі түсіңде де көрмессің. Олардың қолына бұндай «табысты» және арнайы политехникалық (мұнай және газ институттарын бітірген) жоғарғы білімді қажет ететін жұмыс қайдан тисін. Сонда мұнайға оралманның не қатысы бар. Өзің айтқандай: "Приезжают люди, не имеющие квалификации, образования, денег, в конце концов" - "оралмандар өздерінің мамандығы, білімі, тіпті ақшасы жоқ адамдар" болса, олар қалай мұнайшы болады.

Қазақстанда ел ішінде оралмандарға деген жағымсыз көзқарас бар. Ол да рушылдық және жершілдік сияқты осы екі дерт бұрыннан бар болатын. Үшінші дертіміз - қала қазақтарының ауылдардан келген қазақтарды (провинциялықтарды, яғни "ауылбайларды") жек көруі және менсінбеуі болатын. Осы үшеуімен қосып санағанда, оралмандарды жек көру бұл - Қазақтардың төртінші дерті болып жамалды. Бұның бәрі де болашақта Қазақстанның ел болып тұра алмауына апаратын аурулар. Төртеуі де. Тимур осы "төртінші дертті" пайдаланып қалғысы келген болатын. Оның негізгі мақсаты - шетелден келетін Қазақтың көшін тежеу. Қолынан келсе, тоқтату. Түпкі мақсаты - елдегі Қазақтардың санының өсуіне тежеу салу.

Шетелден келген оралмандарды және қаңырап қалған ауылдардан көшіп келген Қазақтардың бәрін өзі асырап отырғандай сөйлейтіндер көбейіп барады. Бұған сақ болу керек. "Халықтың санының ретсіз, есепсіз өсуі және ретсіз көші-қон" деген, бұл Тимурдың сылтаулары. Оның ойынша, қайткенде де Қазақстан Қазақтардың саны басым елге айналмауы тиіс. Қазақтар көбейсе, елде Қазақ тілі, Қазақ мәдениеті, Қазақы Ислам, Тәуелсіздік қорғау туралы қазіргі және болашақтағы қазақстандық билікке тым қолайсыз бастамалар көтеріледі. Енді олай болса, Сіздердің ойларыңызша, "Қазақтың саны ретсіз, есепсіз өсіп келе жатқан" болса, одан Қазақстан, Қазақтардың көбеюінен зиян көріп отырған болса, онда Қазақтың қатындарына бала табуға тиым салыңдар. Сонда басты армандарың орындалады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467