Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3445 1 пікір 1 Сәуір, 2020 сағат 12:03

Ұлттық қордың қаржысы қаншаға жетеді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және дағдарысқа байланысты нақты іс-шаралар белгілеуі – оның билік тізгінін қолына мықтап ала бастағанын білдіреді.

Инфляциға орай зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін 10 пайызға индексациялап, мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетінін жариялауын қоғам оң қабылдап жатыр.

Осы батыл қадамы арқылы Президент осыған дейін «Ақша тарату деген барып тұрған популизм» деп сайрағандардың аузына құм құйыпты.

Енді, 42 500 теңгені алатындардың санаты кеңейіп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтін 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге бюджеттен 70 миллиард теңге, көктемгі егіс науқаны үшін 100 миллиард теңге бөлуді тапсырғанын өте құптаймыз.

Бірақ, бұл мақсаттарға арналған қаржыны Ұлттық қор есебінен алынатыны ойландырады. Төтенше жағдай созылып кеткен жағдайда кәсіпорындар, зауыттар, мекемелер жұмысын жалғастыра алмаса, соңы не болмақ?
Қиын күндер әлі алда. Ендеше, Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу - мемлекеттің басты міндеті болмақ!

Біз өткен аптада «Жас алаш» газетінде, «Абай.кз» сайтында еліміздегі
92 240 мемлекеттік қызметкердің 25 пайызын қысқартуды дәл бүгіннен бастауды ұсынғанбыз. Тек, осы қызметкерлердің жалақысын көтеруді тоқтатудың өзінен 980 млрд теңге үнемделеді екен!

Сондай-ақ, 1 млн теңгеден (одан да жоғары) жалақы алатын мемлекеттік қызметкерлердің тәбетін шектеу. Парламенттің екі палатасындағы 156 депутат, министрлер, әкімдер, комитет төрағалары, облыстық деңгейдегі басшылар, «А» корпусының мемлекеттік қызметкерлері, Жоғарғы Сот және аймақтық соттардың судьялары, прокурорлар, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» сияқты ұлттық компаниялардың (еншілестерімен бірге) топ менеджерлерінің еңбекақысын Нұр-Сұлтандағы орташа айлық
деңгейінен асырмау шараларын заңдастыру керек!

Зейнет жасындағы депутаттар мен әкімдер, министрлер, ұлттық компания басшылары не еңбекақы, не зейнетақының біреуін ғана алуы тиіс деп санаймыз! Бұған саналылықпен қарауды сұраймыз.

Міне, осындай текке жұмсалып жатқан миллиардтарды халық игілігіне пайдалансақ, Ұлттық қордың деңгейін түсірмей, сақтай аламыз!

Қайым-Мұнар Табеевтің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555