Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1993 0 пікір 11 Қазан, 2011 сағат 12:51

Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Қазақстан бүкіләлемдік ядролық қарусыздану үдерісіне белсенді ат салыса береді деп сенеді

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Торбьорн Ягландты қабылдады, деп президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы кездесу ядролықсыз әлем үшін халықаралық форумы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Қазақстан үшін бұл - өте маңызды оқиға. Президент Қазақстанның полигонды жапқан және ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде осындай форум өткізуге моральдық құқығы барын атап көрсетті. Таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде, Мемлекет басшысы ядролықсыз әлем үшін жаһандық қозғалысты бекіту туралы идея айтты, делінген президент баспсөз қызметі таратқан хабарда.

Т. Ягланд өзі үшін Қазақстанда болғаны үлкен құрмет екеніне тоқталып өтті. Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы жеке өзі және Еуропадағы көптеген адамдар еліміздің аймақтағы тұрақтандырушы күш ретіндегі рөлін жоғары бағалайтынын атап өтті. Қазақстан көптеген этникалық топ бірге бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанының үлгісі болып табылады.

Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Қазақстанның өз еркімен, бір жақты тәртіппен ядролық арсеналды пайдаланудан бас тартуы тарихи мәнге ие, маңызды қадам болып табылатынын атап көрсетті. Бұл бастама әсіресе, әлемді ядролық қарудан азат ету жөніндегі жаһандық компания аясында өте маңызды. Т. Ягланд Қазақстан ядролық қарусыздану және таратпау жалпыәлемдік үдерісінде өзінің белсенді қызметін жалғастыра беретініне сенімін білдірді.

Т. Ягланд Қазақстан таңданарлық табыстарға қол жеткізіп, аймақта ғана емес, сонымен бірге әлемдік аренада да белгілі серпінді мемлекетке айналғанын атап өтті.

Кездесуде сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесімен ынтымақтастық перспективалары, Еуропалық Кеңес елдерінің конвенциясына қосылу және Еуропалық Одақпен қарым-қатынасын нығайту туралы мәселелер талқыланды, деп көрсетеді президент баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475