Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2030 0 пікір 11 Қазан, 2011 сағат 12:53

Қырғыз журналисі Павлюкті өлтірді деп айыпталғандар 10,11 және 17 жылға сотталды

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ - Давид Ян. Сейсенбі күні Алматыда судья Ахметқали Молдағалиевтің төрағалығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (ҚІМАС) қырғыз журналисі Геннадий Павлюкті өлтіруге қатысты үш сотталушыға үкім шығарды.

«Алдияр Исманқұловмүлкін тәркілеусіз, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 17 жылға, Шалқар Оразалин мүлкін тәркілеусіз, жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен 11 жылға, Алмаз Игіліков мүлкін тәркілеумен 10 жылға сотталды», - деп хабарлады сейсенбі күні сот залынан ҚазТАГ тілшісі.

А.Исманқұлов топтасып, алдын ала сөз байласу арқылы қасақана кісі өлтіргені, жалған құжаттарды пайдаланғаны және қасақана түрде ҚР шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін, осының бәрін пайдакүнемдік мақсатта жасағаны үшін айыпты деп танылды. А.Игіліковпен Ш.Оразалинді қасақана кісі өлтіруде ақтап шығарды, бірақ топтасып, алдын ала сөз байласу арқылы адамды ұрлауда орындаушы деп таныды.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айтқандарымен, тергеу жинаған айғақтармен және сараптамалардың нәтижелерімен толығымен дәлелденді.

Сотталушылардың бәрі кінәларын мойындаудан бас тартты. Судья «сотталушылардың қылмысқа қатыстары жоқ деген дәйектерін негізсіз және тергеу барысында жоққа шығарылды» деп жариялады.

Сараптамаларға кеткен шығын шамамен Т1 млн құрады, сот оны өтеуді сотталушыларға жүктеді.

Жоғарыда тұрған сот инстанциясына шағым түспесе, үкім 15 күннен кейін заңды күшіне енеді, деп хабарлайды ҚІМАС.

Бұрын хабарланғандай, 20 қырқүйекте аяқталған іс бойынша сот тергеуі барысында материалдар мен заттай айғақтар зерттелді. Сондай-ақ, сот тергеуі барысында түрлі өтініштер берілді, сот оларды жартылай қанағаттандырды. Бұдан басқа, тараптарға істі түрлі материалдармен, мінездемелермен толықтыру ұсынылды.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың 16 желтоқсанында Алматының орталығында журналист Геннадий Павлюктің денесі табылды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, журналист Фурманов көшесіндегі үйдің 6-шы қабатынан құлап түскен. Ол ессіз күйде қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді, кейін есіне келмей көз жұмды.

Бұл факт бойынша «кісі өлтіруге қастандық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында Г.Павлюктің Алматыға келіп, қонақ үйге тоқтағаны, кейін оны белгісіз біреулер алып кеткені анықталды. Журналистің әріптестері оны жалға алған пәтердің терезесінен тастап жіберуі мүмкін деген болжам айтты.

Бір апта өткен соң Қазақстанның ІІМ қылмысқа қатысы бар азаматтарды анықтады. Ал 2010 жылдың 6 қазанында күдіктілердің Алматыдағы бір мейрамханада ұсталғаны туралы хабарланды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475