Қазақстанда ерлердің 30% ұрықсыздыққа шалдыққан - маман
Астана. 11 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда «Ер азаматтардың денсаулығы күні»акциясы барысында тексеруден өткен 24 мың еркектің 30% ұрықсыздыққа шалдыққан, деп Б. Жарбосынов ат. урология орталығының бас директоры Мирзакерім Алшынбаев мәлім етті.
«Біз Қазақстанда тексеруден өткізген, анкета жүргізген 24 мың ер азаматтың 56-60% әр дәрежедегі эректильді дисфункцияға шалдықса, 30% - ұрықсыз», - деді М. Алшынбаев сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Ол әлем статситикасында эректильді дисфункцияға шалдыққан ер азаматтардың тек 8% дәрігерлерге жүгінеді дейді.
«Ер азаматтар дәрігерге көрінуге ұялады. Әйелдер әр жартыжылда гинекологқа барып, өз денсаулығын қарайды. Қазақстанда әйелдер саулығына қатысты бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Ал ер азаматтардың денсаулығына қатысты Қазақстанда ешқандай бағдарлама жоқ», - деді профессор.
Ол сондай-ақ Қазақстанда ер азаматтар әйелдерге қарағанда орташа есеппен 10-12 жыл аз өмір сүретінін атап өтті. Әйелдердің орташа өмір жасы 70 жыл болса, ер азаматтардың орташа жасы 58-60 жыл екен.
«Ер азаматтардың денсаулығы күні» акциясы 2009 жылдан бері өткізіліп тұрады.