Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1945 0 пікір 11 Қазан, 2011 сағат 13:06

Қазақстан үкіметі жаңадан «Нұрлы көш» бағдарламасын әзірлеп жатыр

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстан үкіметі жаңадан «Нұрлы көш» бағдарламасын әзірлеп жатыр, деп ҚР ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы комитетінің төрағасы Патрис Нокин мәлім етті.

«Өткен аптада үкіметте аталған тақырып бойынша үлкен отырыс болды да, онда үкімет жаңадан «Нұрлы көш» бағдарламасын жасау туралы шешімге тоқтады... Біз қазір сол бағдарламаны әзірлеуге кірісеміз», - деді П. Нокин сейсенбі күні оралмандарға қатысты әлеуметтік саясат тақырыбындағы парламент мәжілісіндегі отырысында.

«Сіз қазір оралмандарды Қазақстан бойынша орналастыру туралы сұрап отырсыз, біз онда аймақтардың экономикасын, әлеуметтік жағдайын ескереміз деп ойлаймын», - деді П. Нокин.

Еске салсақ, 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасын ҚР үкіметі 2008 жылы желтоқсанда бекіткен. Бағдарлама мақсаты -  шет елдерде тұратын этникалық қазақтарды қабылдап, ерікті түрде қоныстандыру, орналастыру және құлдыраған аймақтарда тұратын Қазақстан азаматтарын Қазақстан территориясына тиімді түрде орналастыру.  Бағдарламаның негізгі мақсаты оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, тұрғынүй құрылысын несиелендіру арқылы баспанамен қамтамасыз ету.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504