Жексенбі, 24 Қараша 2024
2533 4 пікір 2 Сәуір, 2020 сағат 13:29

HRW Нұр-Сұлтанның бейбіт жиындар туралы жобаны қарауды тоқтата тұруын қалайды

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстан билігінің бейбіт жиындар туралы заң жобасын парламентте қарауын тоқтата тұруын қалайды.

HRW заң жобасын талқылау кезінде белсенділер пікірі ескерілуі керек деп есептейді. Азаттық белсенділер болса наразылық акциялары мен көпшілік шараларға тыйым салуды көздейтін заң төтенше жағдай кезінде қабылданып кетеді деп алаңдайды.

26 наурызда Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Белсенділер құжатты қабылдап алуға асыққан билікті сынады. Олар жаңа заңда шектеу көп деп отыр.

HRW зерттеушісі Лора Миллс 1995 жылы қабылданған заңға қарағанда, жаңа заң жобасында шектеулердің азайғаны шамалы дейді.

"Шараны өткізу туралы өтінішті қабылдау-қабылдамау құқығы билік құзыретінде қалады. Шенеуніктер акция өтетін орын мен уақытты ұсынуы мүмкін. Ұйымдастырушылар оған келіспесе, шара өтпейді. Бұның ешқайсысы жиын еркіндігін қолдайтын халықаралық ережелерге сай емес", - дейді Миллс.

Өткен жылы маусымда президент сайлауында жеңіске жеткен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурациядан соң митингілер туралы жаңа заң жобасын қабылдауға уәде берген. Ақпан айында үкімет бейбіт жиындар туралы заң жобасын талқылауға ұсынды. Құжатпен танысқан заңгерлер билік қазіргі шектеулерді жаңа заңға көшіргісі келеді деп отыр.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572