Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3259 2 пікір 2 Сәуір, 2020 сағат 17:12

Әлеуметтік індеттің алдын алу жұмыстарын бастау керек

Бұндай індеттің нақты аурудан басқа, жанама салдары болады. Ал ол салдары, аурудың өзінен де ауыр болуы ықтимал.

Дүниеде оба, тырысқақ, сүзек, "испанка" ауруларынан кейін, іле- шала аштық басталған. Осы әлеуметтік індеттің алдын алу жұмыстарын бастау керек.

Бізде, өкінішке орай, ең төмен әлеуметтік қорғалған, өзіміздің, қаракөздер.
Кредитке толы, қалада пәтер  жалдап тұрады, базарда тәшке тасиды немесе жалданып жұмыс істейді.

Олардық қиын өмір жағдайға түскеніне бүгінгі зобалаң кінәлі. Тағы да, әдеттегідей, "ойбай бұлар арамтамақ, жатыпішер" деп шулаудың қажеті жоқ.
Дәл сол азаматтардың қатарында өзіміздің қарындастар мен бауырлар бар.
Өзіміздің бауыр етіміз. Белді буып, көмектесу керек!

Өзін - өзі жұмыспен қамтитын 2,1 млн адам, ресми жұмыссыз 450 мың адам бар. Міне, осылар мемлекеттің ресми көмектерінен сырт қалуы мүмкін.
Өйткені, басым көпшілігі ресми ешқайда тіркелмеген. Олар бар, бірақ, олар жоқ. Осы кісілердің жағдайына сақ болу керек.

Қазірден, барлық облыс орталықтарында бірінші қажетті азық-түліктердің қорын жасап, адамдарға таратудың тетігін дайындап қою маңызды.
Аштық жөнінде белгі, қазірдің өзінде, келіп жатыр.

"Әр-бір қазақ жалғызым" деген қанатты сөз бар.Осы сөзді іс жүзінде дәлелдеуге дайын болуымыз керек.

Билік партиясы 10 күнде халыққа көмектесудің үлгісін көрсетті. Қазақстан бойынша 5 мың адамға азық-түлікпен көмек жасады.

Қарапайым бизнес өкілдері де, азаматтар да, өз кезегінде, аянып қалып жатқан жоқ. Бәрі, қазірдің өзінде, білек сыбанып, жүгіруде. Дұрыс өнеге. Бұл үрдіске ірі бизнес өкілдері де қосылуға дайын болулары керек.

Көптеген облыс аудан әкімшіліктері көмек сұрап келген адамдарды бюрократияға салып, "анда бар, мында бар" деп коридорларға қуып жүр. Ертең, халықтың кәрі атады. Нақты көмек жасау керек.

Жұт ескертіп келмейді, "сақтансаң сақтаймын" дейді. "Бетін ары әкетсін" деп тілейік.

Дегенмен, сақадай сақ болайық, ағайын!

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572