Жексенбі, 24 Қараша 2024
2750 3 пікір 3 Сәуір, 2020 сағат 12:53

Шымкент қаласы карантинге жабылады

4 сәуір сағат 21.00-ден бастап Шымкент карантинге жабылады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарға жасаған мәлімдемесінде хабарлады. 
⠀ 
Карантин мынандай шектеу шараларын қамтиды:

1. Карантин кезінде Шымкент қаласы бас санитарының қаулысында көрсетілген мекемелерден бөлек меншік нысанына қарамастан барлық мекемелердің жұмысы тоқтатылады. Ол мекемелердің тізімін әкімдіктің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде жариялаймыз. Қоғамдық демалыс орындары, сонымен қатар саябақтар мен балалар алаңшаларына баруға болмайды.

2. Тұрғындар мен көліктің барлық түріне Шымкент қаласынан шығуға және қалаға кіруіне тыйым салынады. Бұл шектеудің Қаулыда көрсетілген белгілі азаматтар мен көліктерге қатысы жоқ. Олардың да тізімі жарияланады.

3. Қала аумағында шағын микроавтобустардың қозғалысына тыйым салынып, олардың бағыттары бойынша автобус қозғалысы қойылады. Қалаішілік қоғамдық көлік қозғалысы таңғы 07.00-ден 19.00-ге дейін ғана жүзеге асады.

4. Қала аумағындағы залалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілетін болады.

5. Азаматтардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Бұл тұрғындардың өзін-өзі оқшаулауы үшін жағдай жасауға бағытталып отыр. Мұндай шектеулер медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне, қала тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуші коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды.

6. Шымкент қаласының аумағындағы төтенше жағдай және карантин кезінде 55 жастан асқан тұрғындарға аса бір қажеттіліксіз көшеге шықпауды ұсынамыз.

7. Карантин кезінде тізім бойынша жұмысы тоқтамаған барлық мекемелер қызметкерін жұмыс орны туралы анықтамамен қамтамасыз етуі шарт.

8. Азық-түлік базарларының жұмыс уақыты 10:00-ден 18:00-ге дейін, қадамдық қашықтағы азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 10:00-ден 21:00-ге дейін болып қалады.

9. Барлық қоғамдық тамақтану орындары жеткізіп беру режиміне көшеді.

10. Азаматтардың қала аумағында жеке көлігімен жүруіне тыйым салынады. Бұл талап тізімге кіретін мекеме қызметкерлеріне қолданылмайды және ол азаматтардың қолында жұмыс орны берген анықтама болуы керек.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572