Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2125 0 пікір 12 Қазан, 2011 сағат 07:11

Обама ядролық қаруды таратпау саласында Қазақстанмен жемісті ынтымақтастық жалғасатынына сенім артады

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. АҚШ президенті Барак Обама ядролық қаруды таратпау саласында Қазақстанмен ынтымақтастық жемісті жалғасын табады деп сенеді.

«Мен Қазақстан Республикасы мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімін жоғары бағалаймын. Ол шешім ядролық қауіпті одан ары азайтудың және ядролық қарудың таралмауының негізін қалауға мүмкіндік жасады... Қазақстан ұзақ уақыт ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздік саласында көшбасында, сондай-ақ ол АҚШ-тың досы болып табылады. Мен осы салалардағы бірлескен жобалардың жалғасатынына сенім артамын», - делінген Б. Обаманың Астанада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем үшін» халықаралық конференцияға қатысушыларға жолдаған сәлемхатында.

Бұл ретте ол АҚШ пен Қазақстан биологиялық қаруды жою саласында 20 жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс атқарып келе жатқандығын атап өтті.

«Біздің серіктестігіміз халықтарымыздың жауапкершілікті бөлісіп және қауіп-қатерлерге бірлесе қарсылық таныту үшін бірлесе ынтымақтастық рухында жұмылса, қол жеткізе алатын мүмкіндіктің көрінісі болып табылады. Мен биыл желтоқсанда өтетін биологиялық және токсикалық қару жөніндегі конвенция бойынша 7 шолу конференциясында барлық мемлекеттер осындай өзара әрекет деңгейін көрсетеді деп үміт етемін», - делінген Б. Обаманың хабарында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504