Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2119 0 пікір 13 Қазан, 2011 сағат 07:29

Қазақстанға киберқылмыстар бойынша Еуропалық ковенцияға қосылу қажет – Бас прокурор

Қазақстанға киберқылмыстар бойынша Еуропалық ковенцияға қосылу қажет, деп санайды республиканың бас прокуроры  - Асхат Дауылбаев

Сәрсенбіде Астанада бас  прокурор Асхат Дауылбаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Турбьорн Ягландты, Еуропа Кеңесі Бас хатшылығының сыртқы байланыстар бойынша директоры Золтан Таубнерді және Еуропа Кеңесі Бас хатшысы аппарат басшысының орынбасары Матео Грюденді қабылдады.

«Дауылбаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына екіжақты қарым-қатынастың барынша жоғары деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретін қылмыстық құқық саласындағы негізгі еуропалық Конвенцияларға Қазақстанның қосылу процесінің барысы туралы әңгімелеп берді. Соның ішінде сандық технологиялардың таралуы мен компьютерлік желілердің жаһандану үдерісін ескере отырып, еліміздің киберқылмыстар бойынша Конвенцияға қосылуының қажеттілігі атап өтілді», - деп көрсетілген кездесу қорытындылары бойынша қадағалау органы баспасөз қызметінің таратылған хабарламасында.

Ягланд осы бағыттағы жұмыстарға бар күш-жігерін салуға және практикалық көмек көрсетуге уәде берді. Сонымен қатар ол еуропалық Конвенцияларға қосылуға дайындық жасауға көмек көрсету үшін Қазақстанға еуропалық сарапшыларды жолдауды ұсынды.

Тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдету қажеттілігін атап көрсетті.

АСТАНА, 12 қаз - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524