Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2165 0 пікір 14 Қазан, 2011 сағат 07:04

«Нұр Отан» партиясының облыстық патиялық бақылау комиссиясының басшысын өлтіргенді ШҚО полициясы фоторобот суреті бойынша іздестіруде

Өскемен. 14 қазан. ҚазТАГ - «Нұр Отан» партиясының шығыс-қазақстандық бөлімшесінің партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Валерий Проскуряковты өлтіргенді куәлардың сипаттаған суреті бойынша іздестіруде, деп ШҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жасы 25-30-дардағы, бойы 170-175 см, арық келген, ат жақты, сопақ, көзі көк, мұрны орташа ұзындықтағы еуропалық ер азамат іздестіріледі», - деді департаменттегілер.

Полицейлер атап өткендей, күдікті ашық-қоңыр кеудеше киген, спорттық қара шалбар мен қара кепеші бар және оның сыртынан қара капюшон киген.

Бұрын хабарланғандай, кеше 8:30-да Өскеменде өз үйінің ауласында «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі, облыстық тәртіп кеңесінің хатшылығының бұрынғы меңгерушісі, 64 жасар Валерий Проскуряков өлтірілді. Ол қызмет көлігіне мініп жатқанда басынан атып өлтірілді.

Сонымен қатар, партияның облыстық бөлімшесіндегілер қылмыс пен шенеуніктің кәсіби қызметінің арасында байланыс жоқ деп отыр.

«Бұл шатасу болуы мүмкін, оны біреумен шатастырды. Партиялық бақылау комиссиясы - коллегиалды кеңес, ары кеткенде ол адамға сөгіс жариялай алады. Оны жұмыстан да шығарып жібере алмайды - оның барлығын комиссия шешетін. Бұл оның кәсіби қызметіне ешқандай байланыссыз», - деді облыстық филиалдың төраға орынбасары Талап Қасымов.

«Ол Алматыдағы санаторийге бармақшы тұғын, досы екеуі. Көңілі көтеріңкі еді. Досы осы үйдің қарсысында тұрады. Ол оған жолдама алу үшін кірген еді», - дейді Т. Қасымов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5532