Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2073 0 пікір 15 Қазан, 2011 сағат 16:56

Қаржы полициясының басшысының әйелі сот арқылы Guljan.org сайтынан Т2 млрд –тан астам моральдық шығын талап етуде

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Қаржы полициясының басшысы Қайрат Қожамжаровтың әйелі, сауда-өнеркәсіп палатасының ішкі саясат мәселелері жөніндегі вице-президенті Салтанат Аханова Guljan.org сайтынан моральдық шығын ретінде Т2 млрд 640 млн ақша талап етіп отыр, деп сайт редакторы Гүлжан Ерғалиева мәлім етті.

«Бүгін біз С. Аханованың ар-ожданы мен беделін қорғаған екі арыз-шағымын алдық. Шағым бойынша жауап беруші Ерғалиева Гүлжан Хамитовна мен Guljan.org веб сайтының редакциясы. С. Аханова «шындыққа сай келмейтін ақпаратты теріске шығаруды талап етіп», жауап берушіден Салатант Ахановаға келтірген моральдық шығын ретінде 2 млрд 640 млн 296 мың 400 теңге өндіріп беруін, осы азаматтық іс қаралуы кезінде Guljan.org веб-сайтының жұмысын уақытша тоқтатуды талап етуде», - деп жұма күні агенттікке Г. Ерғалиева хабарлады.

Г. Ерғалиеваның айтуынша, С. Аханова сайта жарияланған екі мақаланың мазмұнымен келіспейді. Оларда С. Аханованың шетелде шоттары мен жылжымайтын мүлкі Дубайда барлығы туралы айтылады. Сондықтан моральдық шығын сомасы ретінде С. Аханова Guljan.org мақаласында келтірілген Қ. Қожамжаровтың әйелінің шотында бар деген қаражат сомасын келтіреді.

«Біз ол мақалаларды қолда бар материалдар негізінде жазып, барлық цифрлар мен мәліметтерді түсіндіргенбіз. Қазір біз қалыптасқан жағдайды ой елегінен өткізудеміз», - деді Г. Ерғалиева.

Г. Ерғалиеваның айтуынша, соттың алғашқы отырсы 19-шы қазанда өтеді.

Бұрын хабарланғандай, интернет-портал қаржы полициясының әйелі С. Аханованың шетелдік банктерде бірнеше шоттары бар, оның ішінде швейцариялық банктерде валютамен айтарлықтай сомасы бар, сондай-ақ Дубайдағы (БАӘ) британиялық мультимиллионерлерінің ауданында оған тиесілі вилласы бар деп жазған.

Қ. Қожамжаров аталған ақпаратты жала жабу деп атап, ал оның мақсаты - оның жұмысын қаралау деп бағалаған.

1 қыркүйекте ҚР бас прокуратурасы ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттік (қаржы полициясы) басшысы Қ. Қожамжаровтың әйелі С. Аханованың шетелде шоттары мен жылжымайтын мүлкінің жоқтығын жариялады.

Бас прокураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиевтің мәліметтерінше, бас прокуратураның БАӘ жер департаментіне салған ресми сауалына, ол елде С. Ахановаға тиесілі қандай да жылжымайтын мүлік жоқ деген жауап алынған. Ж. Өмірәлиев сондай-ақ Дубай Банкі ресми түрде С. Аханованың атына ашылған қандай да шоттардың барлығын теріске шығарды деп хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534