Экономика адамға қызмет етуі шарт!
Аман- есен болайық. Денсаулығымыз мықты болсын! Осы екі тілеудің негізгі құндылық екендігі ұмыт болған еді. "Ең негізгі құндылық адам және адамның өмірі" деген сөзді ойыншық тәрізді көре бастадық! Адамның түпкі мән- мағынасы құнсыздана бастады.
"Коронавирустан кейін қоғам, өмір басқаша болады" деп жатыр.
Менің басты тілеуім, қандай өзгеріс болса да, баршамызға көруге жазсын!
Бәріміз аман-есен, бай- қуатты болайық! Сабыр сақтау маңызды.
Кеше біреулер, "карантинді созсақ, еліміздің экономикасы баяулап қалады" деп жатыр. Адамдардың өмірін қорғап қалу үшін, карантинді қанша ұзаққа болса да созу керек. "Әр-бір қазақ жалғызым!", әр-бір азаматтың өмірі үшін күресу маңызды.
1. Экономикалық даму адамның игілігіне қызмет етуі керек!
Адам экономикаға емес, экономика адамға қызмет етуі шарт!
Міне, негізгі өзгеретін пайым осы!
2.Бір-біріміз үшін жауапкершілік сезімі артуы шарт! Өзіміз үшін кішкентай, бірақ, маңызды қадамдарға бара білу. Әлеуметтік желіде біраз азаматтар қиын жағдайға қалған қандастарымызға өз бетімен, басқа үшін жүректері ауырып, көмектесіп жатыр. Ынтымақ пен ықпалдастық осыдан басталады. Кішкентай, керемет, ғажап қадамдар!
3. Ұлт пен мемлекет үшін әр-бір азаматтың жауапкершілігі сезімі.
4. Саяси көзқарастан бөлек, плюрализмнен биік мемлекеттік мүдде бар, ел шаңырағы тұрғысында біріге білу мәдениеті қалыптасу керек.
5. "Жақсы көру", "жақын болу", "иық тіресу" деген дала демократиясының құндылықтарын жаңғырту.
6. "Көппен көрген ұлы той" құндылығын сезініп- білу. Басқаның қуанышы үшін қуана білу.
7. Бір-бірімізге деген жанашырлықтың артуы. Жақындық қажетті сезім.
8. Байлық, дүниеқоңыздық игі іс емес, қазынаңды халықпен бөлісе білгенде ғана сенің де, игілігіңнің де құндылығы артады.
9. Біреуде қайғы-қасірет болғанда көп болып көмектесу, көтеріп алу.
Жақындасу, жанашырлық таныту, тап болып бөлінбеу, ұлттық тығыз араласу.
10. Игілік дегеніміз тек қана ақша, материалдық меншік емес.
Игілік дегеніміз, ең бірінші, мейірбандылық, қайырымдылық.
11. "Ел ағалары" халықпен етене араласып, өз елінің ішкі үміттері мен мүддесін сезінуі. Халыққа "төбеден", менсінбей қарауды доғару.
12. Қазақ тілінің орны мен статусының биіктеуі. Ана тілдің миссиясының аспандауы.
Мен футуролог емеспін, болашақтың тарихын жаза алмаспын. Бірақ, бізге қажет жаңа құндылықтар осылар.Тек қана рухани саладағы қажетті өзгерістер. Әлеуметтік реформация бөлек әңгіме.
Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz