Қырғызстанның КО-ға қосылу мүмкіндігі 19 қазанда Петерборда ЕуразЭҚ мемлекетаралық кеңесінде талқыланады
Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Қырғызстанның Кеден одағына (КО) қосылу мүмкіндігін 19 қазанда Санкт-Петерборда ЕуразЭҚ мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысында талқылау жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Әбиболлаев.
Оның айтуынша, Қазақстанның атынан кеңеске ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысады.
«Тараптар Қырғызстанның Кеден одағына қосылу мүмкіндігін талқылау үшін жұмыс тобын құру туралы мәселені қарайды. Бұдан басқа, ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттердің үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың проблемалары мен даму келешегін талқылайды»,- деді А.Әбиболлаев дүйсенбі күні брифингте.
Сондай-ақ, отырыс барысында ЕурАзЭҚ аясында КО құру мәселелері мен Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің қатысуымен Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру бойынша іс-қимыл жоспарының орындалу барысы қаралады.