Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2164 0 пікір 18 Қазан, 2011 сағат 03:02

Қайырбек Сақтағанов. Дін туралы заңның дүбірі басылар емес

Қазанның 13-і күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Діни қызмет және діни бірлестік туралы» заңға қол қойды. Құжаттың бір нормасында барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей екендігі айтылған, кейбір діндерге және діни бірлестіктерге, басқаларға қарағанда артықшылық беруге жол жоқ.

Қыркүйектің басынан басталған заң жобасын талқылау процесі кезінде атышулы мәлімдемелер жасалды. Олардың ел есінде біразға дейін ұмытылмай жүрері сөзсіз. Сол мәлімдемелерге назар аудара отырып, «дін туралы аталған заң жобасы неліктен саясиланып кетті?» деген сұраққа жауап тапқандай боламыз.

Бір қызығы, жаңа заңға қарсы болып жүргендер Ақтөбеде мемлекетке қарсы ашық «соғыс» жариялаған әсіредіншіл топтардың әрекеті туралы ләм деп жұмған аузын ашпады. Неге? Ал қазір мемлекетке талап қойып отыр. Және қойған талаптарынан ешуақытта тайынбайтындай. Заң қабылданды. Ал олардың ендігі талабы қандай болар екен?.. Бұл да уақыттың еншісінде ме? Сұрақ көп, тұшымды жауап жоқ.

P.S. Осындай маңызды сұрақтың бірін Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл «Аманат» пікір сайыс клубында ортаға тастады. Ол діни ахуалдың осыншама шиеленісуі елімізде дін ғұламасының жоқтығынан деп есептейді. «Бізде ислам дінін бақайшағына дейін түсіндіріп бере алатын нағыз маман бар ма?»  дейді депутат.

«Абай-ақпарат»
Мақаланың толық нұсқасын haq.abai.kz сайтынан оқи аласыздар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525