Жексенбі, 24 Қараша 2024
17510 0 пікір 17 Наурыз, 2020 сағат 10:28

Терроризм - адамзатқа төнген қауіп

Терроризм – татулық пен бейбітшілікті негіз еткен мемлекетті күйретуге ықпал ететін бірден-бір жаһандық мәселе. Қазіргі таңда экстремизм мен терроризм адамзатқа төнетін шынайы қауіпке айналған.

Қазақстан Республикасының Заңындағы түсіндірілім бойынша, терроризм – күш қолдану идеологиясы арқылы халықты үрейлендіріп, жеке адамға, қоғам мен мемлекетке күш қолдану. Немесе өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау немесе жасаймын деп үрейлендіру арқылы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі.

Ал, терроризм актісіне – айтарлықтай мүліктік залал келтіру, адамдардың өміріне қауіп төндіру немесе қоғамға қауіпті өзге де іс-әрекеттер арқылы жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де қауіпті іс-әрекеттер жасау. Немесе жасаймын деп үрейлендіру.

Сонымен қатар бұл іс-әрекеттер халықты үрейлендіру немесе қоғамдық қауіпсіздікті бұзу не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттердің шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалады. Сондай-ақ осындай мақсаттармен адам өміріне қиянат жасау, сол сияқты қоғам қайраткерінің немесе мемлекеттік тұлғаның өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау болып саналады.

“Террор” сөзінің мағынасы латын тілінен аударғанда – үрей, қорқыныш деген мағынаны білдіреді.

Терроризмнің көздеген мақсаты – қоғам қауіпсіздігін тәрк ету. Яғни, адамдардың өмірі мен денсаулығына залал келтіру. Сонықтан да мұны көп обьектілі қылмыс түріне жатқызады. Аталған қылмыстың обьективтік жағы – өрт қою, адамдар көп шоғырланған жерлерде жарылыс жасау, қоғамға қауіпті өзге де іс-әрекеттерге бар. Ал, субьективті жағын алар болсақ, терроризм тек қана тікелей қасақана ниетпен жасалады. Яғни, кінәлі адам заңда бұрыс деп көрсетілген әрекеттерге бару арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе сондай әрекетке барамын деп қорқыту арқылы қоғамға қауітілігін сездіреді. Және соны жүзеге асырады. Мұндай қылмыстың субьектісіне 14 жастан асқан жасөспірімдер де саналады. Ал, обьекті ретінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қатынастар жатады. Олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына басқа да құндылықтарына мүдделі.

Экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде қарастырылған. Соның ішінде терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немесе террористік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік, террористік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық жауаптылықтар заңмен қарастырылған. Мысалы, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу үшін ең қатаң жаза - он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделсе, терроризм актісін жасаған үшін он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына кесілу көзделген.

Мәселен, 2016 жылдың 5-маусымында Ақтөбе қаласында орын алған террорлық оқиға бейбіт халықтың тыныштығын бұзып, жұртшылықты дүр сілкіндергені баршаға мәлім. Аталған іске қатысты Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 29 тұлғаның үстінен қылмыстық іс қозғалып, 2016 жылдың қараша айында шешімін тапты.

Аталған іс бойынша, террорлық акт жасауға қатысқан қылмыстық топтың жеті адамы өмір бойына бас бостандықтарынан айырылып, 2 тұлға ұзақ мерзімге қоғамнан оқшауланды. 18 тұлға террорлық шабуылдың болатыны жөнінде анық біле тұра, құқық қорғау органына хабарламағаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, қылмыскерлерді, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырғаны үшін 2 тұлға жауапқа тартылып, жазаларын алды.

Сонымен қатар кейбір жағдайлар бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылатын мән-жайлар Заңда көзделген. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертумен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ал, елімізде осы қауіптің алдын алу үшін ірқатар жұмыстар қолға алынып, мемлекеттік бағдарлама да қабылданған. Ол ҚР-да діни экстремизим мен терроризмге қарсы іс қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

Аталған бағдарламаның мақсаты – діни экстремизм салдарынан болатын зорлық зомбылық пен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі міндеттеріне - Діни экстремизм мен терроризм фактілерін, оның ішінде арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жолымен анықтау мен жолын кесудің тиімділігін арттыру, Діни экстремизм мен терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ олардың салдарын барынша азайту және (немесе) жою жүйесін жетілдіру, Қазақстан Республикасы халқының радикалдануына сыртқы факторлардың ықпал етуін төмендету, Қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру болып табылады.

Сонымен қатар, террозим қаупін төмендету үшін - Алды алынған және уақтылы жолы кесілген (ой-ниетті қалыптастыру, дайындау, шабуылдау сатыларында) экстремистік сипаттағы террористік және өзге де зорлық-зомбылық акцияларының үлесін азайту, Қазақстан Республикасының аумағында терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ терроризм салдарын барынша азайту және (немесе) жою дайындығының деңгейін бақылау, Діни алауыздықты немесе араздықты тудыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтаушы адамдар санын азайту шаралары қабылданған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5703