Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
1714 0 пікір 21 Наурыз, 2020 сағат 12:06

Карантин кезінде қазақстандықтар мен шетелдіктердің жүріп-тұру ережесі қандай?

Коронавирус індеті тұтас дүинені жайлап барады. Аталған вирусты әлемде екі миллионға жуық адам жұқтырып алды. Жүз мыңның үстіне адам қайтыс болды. Ал еліміздегі жағдайға келсек, қазірге дейін сегіз жүздің үстіне адам вирус жұқтырғаны белгілі болды. 

Коронавирустың алдын алу үшін елде шұғыл шаралар қолға алынып, нақты шарулар жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан халқы қауіпті вируспен қаймықпай күресіп жатыр. Елде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланып, көптеген қалалар карантинге жабылды.

Бәріміз білетіндей, Алматы, Нұр-Сұлтан секілді ірі қалалардың маңындағы ауылдарда тұратын тұрғындардың ішінде қалаға кіріп жұмыс жасайтындары көп. Олар күнде таңертек қалаға кіріп жұмыс істеп, кешке қаладан шығып үйіне қайтады. Ірі қалаларда карантин жариялануына байланысты бұл тұрғындар қалаға кіріп-шығу мүмкіндігінен айырылды. Демек қала мен қала маңы арасындағы жүріп-тұру шектелді деген сөз. Оның үстіне қала маңынан келіп қалада оқитын студенттер де бар. Бұны бір деңіз.

Төтенше жағдай кезіндегі екінші бір көші-қон легі ірі қалаларға алыс ауылдардан және облыстан келген жұмыс күші болатын. Мәселен, алыс ауылдар мен облыстардан қалаға келіп жұмыс істейтіндер қала маңы өңірлерінің тұрғындарына ұқсамайды. Олардың таңертек қалаға кіріп, кешке шығып кетуге мүмкіндіктері жоқ. Сондықтар олар қалада пәтер жалдап тұрады. Елде төтенше жағдайға байланысты көптеген жұмыс тоқтады. Көптеген азаматтар жұмысынан уақытша айырылды. Осы кезде жаңағы қалада пәтер жалдап тұрып жатқан өзге өңірдің азаматтары өз ауылдарына бет алды. Әрине оған мүмкіндік те қарастырылған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қалалар карантинге жабылғанға дейін екі күнде қалдан шыққандар саны жүз мыңнан асқан көрінеді.

Үшінші бір жүріп-тұру, көші-қон легі шетелден келетін отандастарымыз бен шетелдіктер. Және елден кететін өзге елдің азаматтары. Бұлардың да елден кетуіне немесе келуіне төтенше жағдай әсер етпей қалмады. Мәселен бүкіл әлемде карантин жариялануына байланысты шетелде тұрып жатқан неше жүз мың отандасымыз елге оралды. Тиісінше елдегі көптеген шетелдік азамат өз еліне бет түзеді.

Енді осы үш бағыт бойынша жеке-жеке тоқталайық. Алдымен қала маңындағы ауылдарда тұратын азаматтар жайлы. Ресми мәліметтерге сенсек, бір Алматының өзіне күніне бес жүз мыңға жуық адам кіріп-шығады екен. Бұл үлкен қаланың қызуын қайнататын үлкен сан. Бұның ішінде қалаға тұрақты келіп жұмыс істейтіндері де өте көп. Қалаға таңертек кіріп, кешке қайтатын осы адамдар шоғыры жүріп-тұрудың үлкен көшін құрайды. Бұған баста айтқанымыздай қалада оқитын студенттеді қосыңыз. Мәселен Алматы қаласы маңында, 20-30 шақырымдағы ауылдарда тұратын студенттерге жатақхана берілмейтіндіктен, олар күнделікті қатынап оқиды. Төтенше жағдай кезінде бұл жүріс те тоқтады.

Екінші, қалада карантин жарияланатыны белгілі бола сала алыс аулыдар мен облыстардан келген көптеген азаматтар өз үйіне қайтты. Олардың саны белгісіз болғанымен, Алматы қаласына кіреберске блокпосттар қойылған алғашқы екі күнде қаладан 100 мыңнан аса адам шыққан. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожақапанов хабарлаған болатын.

- 19 наурыз күні қалаға 3884 көлік кірсе, қаладан 4383 көлік шықты. 20 наурыз күні қаладан 10272 көлік шығып, қалаға 17 810 көлік кірген. Бұл көліктермен қалаға 19 күні 47 325 адам кіріп, 45 956 адам шықты. Ал 20 күні 54 700 адам шықса, 49 018 адам кірген, – деді әкім орынбасары.

Алматы қаласында блокпосттар қойылған алғашқы күн, 19 наурыз түнгі сағат 00.00-ден бастап екі күнде қаладан 27 032 адам өзге өңірлерге кеткен. Ал Алматыға кіргендердің саны бұдан екі есеге жуық көп - 47 325 адам.

- Блокпосттар қойылғалы бері қалаға 17 810 көлік пен 663 микроавтобус, сондай-ақ, 1 109 жүк көлігі кірді, - дейді қала әкімдігінің өкілдері. Бұлар тек Алматыда тұратындар. Ал қалада тұрмайтын 2 347 көлік Алматыға кіргізілмеді.

Үшінші, шетелде жүрген қазақстандықтар мен Қазақстанда жүрген шетелдіктер жайлы. Алғаш әлемде коронавирус тарай бастаған сәтен бастап шетелде жүрген отандастарымыз елге қайтарыла бастаған. Ал төтенше жағдай енгізілуіне байланысты шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіріп-шығуына шектеу қойылды.

Ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, шетелдіктердің кіріп-шығуына шектеу қойылуына байланысты олардың елде жүріп-тұру ережелеріне өзгерістер енгізілгені сөзсіз. Осыған орай Алматы қаласы полициясы төтенше жағдай кезінде шетелдіктердің Қазақстан аумағында жүріп-тұру ережелерін арнайы түсіндіріп берді.

- Шетел азаматтарының көші-қон саласындағы заңнаманы олардың ықпалынан тыс себептермен бұзуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы визасыз кірудің және елде жүріп-тұрудың тәртібі туралы келісім жасасқан. Оның әрқайсысы әрбір күнтізбелік жүз сексен күн ішінде тоқсан күнге дейін ҚР аумағында болуды талап етеді. Көші-қон қызметтері орталығы уақытша тұруға рұқсатты 30 күнге дейін ұзарта алады. Қазақстанға әртүрлі санаттағы визамен келген және мерзімі аяқталған шетелдіктердің елде жүріп-тұруын Алматы қаласының көші-қон қызметі төтенше жағдай аяқталғанға дейін созып береді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар, көші-қон ережелеріне сай шетелдік азамат рұқсат етілген 30 күннің ішінде немесе берілген визаның уақыты аяқталған уақытта Қазақстан Республикасы аумағынан шықпаса, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне сай әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Бірақ елдегі төтенше жағдайға байланысты біздің елде жүрген шетелдік азаматтар белгіленген уақытынан бұрын елден кетіп қалғаны үшін ешқандай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын айта кетейік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2022