Жексенбі, 24 Қараша 2024
2208 7 пікір 13 Сәуір, 2020 сағат 10:43

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқартуға келісті

ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тәулігіне 9,7 миллион баррельге дейін қысқартуға келісті. Мұндай лимит биыл мамыр және маусым айларында сақталады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, төрт күнге созылған созылған келіссөз АҚШ президенті Дональд Трамптың қысымымен өткен. Ол әлем нарығында мұнай бағасының құлдырауын тоқтатқысы келеді.

Мұнай экспорттаушы елдер 2022 жылдың сәуіріне дейін мұнай өндірісін біртіндеп азайтуға келісті. Осылайша мұнай өндірісін қысқарту тарихындағы ең ірі келісім жасалды - 2008 жылғы дағдарыс кезінде жасалған келісіммен қысқартылған өндіріс көлемі бұдан төрт есе аз болған еді.

"ОПЕК+ ұйымымен Үлкен Мұнай Келісімі жасалды. Ол АҚШ-Тың энергетика салаларында жүз мыңдаған жұмыс орнын сақтап қалады" деп жазды Трамп. АҚШ басшысы Ресей президенті Владимир Путин мен Сауд Арабиясының королі Салманға ризашылығын білдірді.

Келісімге 23 ел қол қойған. Бұған дейін ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін тәулігіне 10 млн баррельге дейін қысқартады делінген. Алайда мұнай экспорттаушылар 9,7 млн баррель деп келіскен, өйткені Мексика ұстанымын өзгертуден бас тартып, 400 мың баррель квотаға келіспеген.

Иран мұнай министрінің хабарлауынша, "Мексика мамыр және маусым айларында мұнай өндірісін тәулігіне 100 мың баррельге қысқартады. Қалған 300 мың баррельді Мексиканың орнына АҚШ қысқартуға уәде берді".

ОПЕК+ елдері өкілдерінің келесі видеоконференциясы биыл 10 маусымда өтеді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662