Жексенбі, 24 Қараша 2024
2428 0 пікір 13 Сәуір, 2020 сағат 14:56

Министр Нұрымбетов: 1 миллион 779 мың адам әлеуметтік төлем алды

Төтенше жағдай кезінде кірісін жоғалтқан 1 миллион 779 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалып, есепшоттарына 75 миллиард 600 миллион теңге аударылды. Бұл ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгін өткен арнайы брифингте хабарлады.

Брифингте төтенше жағдай кезінде кірісін жоғалтқан азаматтарға 42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы тағайындау шарттарын тағы бір рет түсіндірген Біржан Нұрымбетовтің сөзінше, осы уақытқа дейін 4 миллион 900 мың өтініш түскен, оның 3 миллион 703 мыңы қаралған.

Министр 42 500 теңге әлеуметтік төлемнің кей жағдайда кешігіп жатқанына кешірім сұрады. Оның сөзінше, әлеуметтік төлеммен үш мекеме айналысады. 42500 теңге бюджеттен емес, мемлекеттік сақтандыру қорынан төленеді, ақшаны азаматтардың есепшоттарына бұрынғы зейнетақы орталығы - «Азаматтар үшін үкімет» корпорациясы аударады және өтінішті еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігі қабылдайды.

- 60 мыңнан астам адам жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) дұрыс көрсетпеді, 83 мың адам қате есепшот жберді, 500 мың адамның тұрақты жалақы алып отырғаны белгілі болды, миллионнан астам адам соңғы бір жылда бірде бір рет әлеуметтік төлем аудармағаны белгілі болды, 378 адамның кейбірі қайтыс болған, кейбірі Қазақстан азаматтығынан шығып кеткен,- деді Біржан Нұрымбетов.

Министр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық өтініштер ақпарат жүйелері арқылы тексерілетінін, соңғы бір күнде 901 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалғанын хабарлады. Министрдің сөзінше, 42 500 теңге алған азаматтар төтенше жағдай ұзартылуына байланысты тағы да 42 500 теңге алады, ол үшін қайтадан өтініш беру керек емес.

Қазақстан билігі наурыз айының соңында төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге әлеуметтік төлем беру жөнінде шешім қабылдаған. Қазақстанда 16 наурызда төтенше жағдай жарияланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671