Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2322 0 пікір 13 Сәуір, 2020 сағат 15:43

«Бұл індет күллі адамзаттың ерекше көңіл бөлуін талап етеді»

Британдық ғалымдар коронавирустың әлемге тарау кезінде адам ағзасы ерекшеліктеріне байланысты 3 түрлі иммундық жүйеге қарсы әрекет ететін бір-біріне өте жақын А, B, C атаулы 3 түрлі штаммға мутацияланғанын хабарлады.
.
Зерттеу нәтижесі, америкалық науқастарда кездесіп жатқан коронавирустың А штаммды түрі екенін, ол әрі жарқанат пен қытай кесірткесінен (панголин) табылған вирусқа өте жақын екенін көрсетті. А типті вирустың генетикасы Уханьда болғанымен, бұл Уханьдағы вирустың негізгі типіне жатпайтыны айтылады. Себебі, зерттеуде Уханьдағы вирус штаммы В типіне тән екені анықталған.
.
Зерттеу хабарламасында, С типті вирустың еуропалық топқа жататындығы, оның Франция, Италия, Швеция және Англиядағы алғашқы науқастардан анықталғаны жазылған. Коронавирустың бұл С типі Қытайлық науқастардан кезікпеген. Сингапур, Гонконг және оңтүстік Кореядан анықталған.
.
Қытайдың белгілі эпидемиологы Чжунь Наншань вирустың адам ағзасына өте бейімделіп алғанын айтты. "Адам денесі вирустың көбеюіне, тарауына өте қолайлы. Тұмаумен салыстырғанда, өлім көрсеткіші одан 20 есе көп. Бұл індет күллі адамзаттың ерекше көңіл бөлуін, әлем болып күресуін талап етеді",-деді ол.

Ертай Нүсіпжановтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671