Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Анық 4769 15 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 10:09

Қоғам мен мемлекетті біріктіретін қазақ халқы мен мемлекеттік тіл

Президент Қ.Тоқаевқа,
ҚР Парламенті мен Үкіметіне!

Пандемия мен әлем экономикасының дағдарысы елдегі негізгі мәселер мен басымды салаларға қайта қарауды талап етеді:

1. Карантин кезінде тұрғындардың 65-70% көпқабатты үйлерде қамалып отыр. Себебі, 2003 жылы Жер Кодексіндегі әр азаматқа берілетін он сотық пен саяжай мәселесі әлі толығымен шешілген жоқ.

2016 жылы «Қазақстан Альянсы» республикалық қауымдастығының (ҚА) талабымен 1760 адам он сотка алғанымен бұл мәселе және ҚА 2018 жылы екі млн адамға жер беру және жастарды баспанамен қамтитын үй салу толық шешілген жоқ.

Еңбек ететін елді қаңтарып ұстап отырған биліктің кереғар саясаты. Елді өз азық-түлігімізбен толық қамтамасыз еткенде теңгенің инфляциясы 60-65% төмендейді, яғни тұрақтайды. Мемлекеттік сатқындар оның орнына Қытайға 1,7 млн. га, енді ЕАЭО елдеріне жер береміз дегенді шығарды. Ұры-қары билеген елде береке болмайтыны осыдан. Халық масылдықтан арылып, өз жері мен билігіне ие болмай, бұл келеңсіз істер жалғаса береді;

2. Қазақстанды шикізатқа тәуелді дағдарыстан құтқаратын бір жол - ол ғылым мен инновацияны дамыту.

Дамыған және дамушы елдердің айырмашылығы олардың экономикасындағы инновацияның үлесінде. Мысалы, АҚШ экономикасындағы инновацияның үлесі 51%, Швейцарияда 62%, ҚР 0,96%.
Инновация жылына 31-33% өсім беретін экономиканың бірден-бір саласы.

29 жылда ғылымға ЖІӨ-нің 0,14% қаржы яғни дамитын және дамыған елдерден 22-25 есе аз бөлініп ғылым мен инновация құрыды. Ғылым мен инновацияға қаржы бөлмеген ел басқа елдің әскерін асырайды (олар жаулап алғаннан кейін);

3. ҚР қорғаныс деңгейі 80-85 орындарда және әскерінің саны Шешенстанның сарбаздарынан да кем, елдегі полициядан 1,5 есе аз, түрмедегілердің саны бойынша әлемде 18 орындағы жандармериялық режим болып қалуда. Қорғанысқа бөлетін қаржыны 2021 ж. бастап 4,5-5,0 есе, 2025 ж. он есе өсіру қажет;

4. Елді қорғап, қоғам мен мемлекетті біріктіретін Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді дамытпайтын барлық дейгейдегі мәңгүрт шенеуніктерді кетіріп, Парламентті таратпай мемлекет мүддесі сақталмайды яғни ол дамымайды. Ел, «Қазақстан халқы» деген қалаймақан теңеу, жеке басқа табынған атаулар т.б. жасандылықтан құтылмай бұл елде тұрақтылық болмайды. Қоғамдағы мемлекеттік тілдің яғни мемлекеттік биліктің (Президент жолдаулары...) әсері 20-25% ғана, ал Үкімет статистика немесе әлеуметтік мекеменің қызметін ғана атқаруда. Мемлекеттік тіл мен институттарды дамытуға қаржыны 5-7 есе өсіру қажет;

5. Қоғамды дамытатын негізгі күш – орта таптың (дәрігер, мұғалім, инженер, ғалым...) табысын Парламент депутаттарымен теңестіргенде қоғамда даму басталады. Бұл аксиома.

Жоғарыдағы мәселелерді шешуге елдегі бюрократия мен коррупциядан келетін $$0 млрд. шығынды елге қажетті бағытқа бұрса жетеді.

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5948