Жексенбі, 24 Қараша 2024
3376 1 пікір 14 Сәуір, 2020 сағат 16:40

Белгілі спорт қайраткері Бекет Махмұтов өмірден өтті

14 сәуірде Қазақстан спортына үлкен еңбек сіңірген белгілі азамат Бекет Сапабекұлы Махмұтов өмірден өтті. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты бапкердің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасына және жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Бекет Сапабекұлы ұзақ жылдар бойы елімізде спорт саласын өркендету жолында еселі еңбек етіп, құрметке бөленген еді. Әсіресе, қазақ спортын жоғары деңгейге көтерген білікті бапкер ретінде есімі ел тарихында қалатыны анық.

Салмақты да сабырлы мінезімен өз ортасына сыйлы болды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

Бекет Махмұтов 1939 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін бокс және дзюдо спортының дамуына арнады. 1993-2000 жылдарда еліміздің бокс федерациясына жетекшілік етті. Бұл кезеңде қазақстандық былғары қолғап шеберлері үш Олимпиадада тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрінді. 1996 жылы 1 алтын, 1 күміс, 2 қола, 2000 жылы 2 алтын, 2 күміс медаль алды. Ол 1996-2006 жылдарда Халықаралық бокс федерациясында (AIBA) вице-президент қызметін атқарды.

Сондай-ақ, ол 2009 жылдан бастап еліміздің дзюдо федерациясына жетекшілік жасап, оны жоғары деңгейге көтеруге күш салды.

Нәтижесінде 2009 жылы Максим Раков әлем чемпионы атанды. 2010 жылы Елдос Сметов жастар арасында сол биіктен көрініп, кейіннен ересектер арасында әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5701