Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5266 19 пікір 15 Сәуір, 2020 сағат 18:02

Әлемдік саясатта Ресейдің соңынан ере бергенді қою керек

ОПЕК+ қарарына сәйкес ұйым елдері мұнай өндіруді шектеуі міндеттелді. Дұрыс-ақ. Бірақ Қазақстанның бұған қандай қатысы бар?

Рас, Коронавирустың кесірінен әлемде мұнай бағасы құлдырауда. Бірақ бұл маңдағы негізгі тартыс Ресей, АҚШ және Сауд Арабиясы арасында орын алған. Соңғы ретте де “қара алтынның” күрт арзандауы Ресейдің оғаш әрекеттері Саудияның ашуына тигенімен байланысты. Басқаша айтқанда, мұнай нарығын тығырыққа тіреген Путин, ал енді оны еңсерудің шығынын Қазақстан да көтеру керек екен. Неліктен?

Жалпы, әлгі ОПЕК+ ұйымына жөн - жосықсыз кіргендік сияқты әлемдік саясатта Ресейдің соңынан ере бергенді қою керек. Әр нәрсеге өзіміздің мүддеміз мен көзқарасымыз болуы шарт. Ал енді қораға кірдік екен, тіпті соның өзінде ұпайымызды сақтау үшін күрескен жөн ғой. Бірақ ол да жоқ.

Мысал ретінде ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррелге қықартатын болса, бізбен бірдей өндіретін Мексика болғаны 100 мың баррелге қысқартады. Нәтижесінде қыруар қаржыдан қағыламыз.

Қайтадан неліктен? 

Расул Жұмалының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1253
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2778
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 902
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 849