Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болып, батыста жаңбыр жауады – Қазгидромет
Астана. 21 қазан. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы антициклонның ықпалында болып, осыған байланысты күн жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Республиканың батысында ғана жауын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Жұма күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, шығыстан 0-5 метр/сек жылдамдықпен жел тұрады, ауа температурасы +8+10°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 0-5 метр/сек жылдамдықпен жел тұрады, ауа температурасы +14+16°С.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстікте күн ашық, жауын-шашынсыз: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы +8+13, +7+12 және +8+13°С; Павлодар облысында +4+9°С.
Қарағанды облысында жаңбыр жаумайды, ауа температурасы +7+12°С. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы +7+12°С.
Республиканың оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, +11+16°С. Қызылорда Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрып, құмды дауыл соғады, ауа температурасы +13+18°С. Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, +11+16°С. Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел, кейде 25 м/с күшейіп, ауа температурасы +15+20 және +13+18°С .

Республиканың батысында жаңбыр жауады: Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел, ауа температурасы +13+18, +12+17 және +7+12°С. Ақтөбе облысында күн ашық, ауа температурасы +10+15°С
Алдағы тәуліктерде республика тауларындағы өзендердің гидрологиялық режиміңде өзгерістер болжанып отырған жоқ. Қазақстанның солтүстігіндегі су объектілерінде судың беті салқындайды.