Жексенбі, 24 Қараша 2024
2501 4 пікір 18 Сәуір, 2020 сағат 13:05

Қазақстанда МиГ-31 жойғыш ұшақтары ұшуын тоқтатты

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов Қарағанды облысындағы әскери ұшақ апатына байланысты мән-жайды түсіндірді.

«2020 жылдың 16 сәуірінде сағат 19.03 шамасында экипажды жауынгерлік кезекшілікке даярлау бойынша жоспарлы ұшу сапарын орындау барысында Қарағанды қаласындағы аэродромның оңтүстігіне қарай Қазақстанның әуе күштеріне қарасты МиГ-31 жойғыш ұшағы құлады. Ұшақ ұшқаннан кейін қозғалтқыштардың бірінен өрт шыққан. Экипаж тұрғылықты елдімекенге ұшақты құлатпай, ашық алаңға бұру амалын қарастырды. Бортта 2 адам болған. Ұшқыштар құрамының даярлық деңгейі жоспарлы ұшу тапсырмасының талабына сай келген. Жойғыш ұшақты тәжірибелі әскери ұшқыштар басқарған», - деді Нұрлан Орманбетов ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша ұшақты басқарған подполковник Арман Құрманғалиевтің әуе сапары бойынша 900 сағаттық тәжірибесі, ал подполковник Иван Гаврилконың 1000 сағатқа жуық тәжірибесі бар.

«Әуе апатының орнына бірінші болып іздеу-құтқару қызметінің кезекші тікұшақ пен Қазақстанның әуе күштерінің жерде құтқару командасы келіп жетті. Ұшқыштарға дәл сол орында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Осыдан кейін олар Қарағанды облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта ұшқыштарға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Біреуінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болса, екіншісінің ауырлығы орташа. Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің аталған авиациялық оқиғаны зерттеу бойынша комиссия құрылды. Комиссия жұмысты тексеріп, алдын алу жұмыстарын жүргізгеннен кейін МиГ-31 жойғыш ұшақтары қайтадан ұшырыла бастайды», - деді ол.

Еске сала кетсек кеше Қарағанды облысында әскери ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы хабарлаған едік. Құлаған ұшақтан екі сарбаз зардап шекті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5657