Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
3497 0 пікір 18 Сәуір, 2020 сағат 13:07

Өзбекстан қажылық сапарға дайындықты ресми түрде тоқтатты

Биыл коронавирусқа байланысты қажылық сапарға бара алмай қалған өзбекстандықтардың кезегі сақталады және олар 2021 жылы зиярат етуге бара алады. Бұл туралы Өзбекстанның дін істері бойынша комитетінің 16 сәуірдегі ресми мәлімдемесінде айтылады.

Онда Сауд Арабия Королдігінің Қажылық және умра министрлігі Өзбекстанға өтініш жасап, пандемияға байланысты 2020 жылдағы қажылық сапарға дайындықты тоқтата тұруын өтінгені айтылған.

Осыған байланысты Өзбекстанның дін істері бойынша комитеті қажылық сапарға баруға дайындалған азаматтардың кезегі сақталатынын мәлімдеді.

Сауд Арабиясында 5 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 83-і көз жұмған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1254
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2782
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 904
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 852