Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3458 9 пікір 18 Сәуір, 2020 сағат 14:21

Әйелдердің құқығын қорғауды күшейту керек!

Біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Әйелін екі қызымен тірідей өртеп жіберу, бұл не деген қараңғылық? Нәзік жандылардың құқығы қашан қорғалады?

Отбасы шайқалса, әйел кінәлі, күйеуі ішіп кетсе әйел кінәлі, қыз туса әйел кінәлі, зорланса да әйел кінәлі етегін жинап жүрмейді ме дейді!
Сонда біздің қазақтың ер азаматтары сүттен ақ, судан таза ма?

Оралда орын алған оқиға, ішіп келіп ұрып соққан, көлігінің алдына салып қуған, тепкілеген қорлаған. Бір қызығы бәрін көршілері , полиция қызметкерлері, туысқандыры білген, бірақ ешқандай шара көрмеген!
Әйелі кінәлі, анау екі періште неге кінәлі болды екен?

Құдай біледі "отбасыңды сақтап қал, қайтып келсең ұят болады"- деген сөзге бола үндемей жүрген шығар!

Қазақ қыздарын "еркектен бір саты төмен бол"- деп тәрбиелейді барлық үйде! Бір саты төмен болу деген құл болу емес шығар, оның ұрған соққан қорлығын көтеретін!

Қазақ қыздарының құқығы қашан заңды және рухани тұрғыда қорғалады?
Біздің ер азаматтар шынында әлсіз болып кеткен бе? Әлде кейбір мұсылман елдеріндегідей әйелдер білім алмай үйде отырып құл болғаны керек пе? Керек емес кезде өлтіре саласың немесе өртей саласың!

Әрине барлығы демеймін, бірақ қазақ әйелдерінің жалғыз бала бағып жүргендері, таяқ жеп қорланып жүргендері көбейіп кетті!

Әйелдердің құқығын қорғауды күшейту керек!

Айгүл Орынбектің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407