Жексенбі, 24 Қараша 2024
3239 2 пікір 20 Сәуір, 2020 сағат 11:54

Трамп: Егер Қытай індеттің тарауына саналы түрде жол берген болса, салдарын тартады

АҚШ президенті Дональд Трамп егер Қытай коронавирус індетінің тарауына саналы түрде жол берген болса, салдарын тартады деп мәлімдеді.

18 сәуірде Ақ үйде өткен брифинг кезінде Трамп АҚШ коронавирустың қалай таралғанын зерттейді деді. Оның айтуынша, егер Қытай кездейсоқ қателік жіберген болса, оны кінәлаудың қажеті жоқ. Ал саналы түрде жол бергені анықталса - "мәселе басқа" деді. Трамп нені меңзегенін ашық айтпады.

"Індетті Қытайдың өзінде тоқтатуға болар еді, бірақ олай болған жоқ, енді қазір бүкіл әлем зардап шегіп жатыр" деді Трамп.

Коронавирус жұқтырғандар мен вирустан қайтыс болғандар саны жағынан АҚШ әлемде алда тұр. Мұнда соңғы мәлімет бойынша, 715 мыңнан астам адам COVID-19 ауруына шалдыққан.

Трамп сенбі күнгі брифинг кезінде Қытайдың коронавирус туралы ресми дерегіне сенбейтінін де жеткізді. Қытай билігі коронавирустан 4 мыңнан астам адам қайтыс болды деп мәлімдеген. АҚШ-та вирустан қаза болғандар 40 мыңға жуықтады.

Бірнеше күн бұрын америкалық Fox News арнасы арнайы қызмет өкілдеріндегі құпия дереккөзге сүйене отырып, коронавирус инфекциясы жұққан алғашқы адам Ухань қаласындағы зертханада жұмыс істеген, сол жерден вирус әлемге тараған деп хабарлаған болатын.

Болжам бойынша, Уханьдағы Қытай ғылым академиясына қарасты вирусология институтында істеген қызметкерге вирус зертханада жарқанаттан жұққан. Мәселемен таныс құпия дереккөзіне сүйенген телеарна вирус адамға сыртқы ортадан жұқпаған деген тұжырымға дәлел көп екенін айтады.

Дегенмен Fox News арнасы "вирус жасанды түрде шығарылған және қасақана түрде таратылды" деген тұжырым жасамайды. Телеарнаның хабарлауынша, АҚШ билігі вирустың пайда болуын мұқият зерттеп жатыр.

Бұған дейін Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь коронавирус жасанды түрде шығарылды деген болжамға дәлел жоғын айтқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652