Жексенбі, 24 Қараша 2024
2338 1 пікір 20 Сәуір, 2020 сағат 13:39

Канадада атыстан кемінде 17 адам қаза тапты

Канаданың Жаңа Шотландия деп аталатын провинциясында атыстан кемінде 17 адам қаза тапты, арасында полиция қызметкерлері де бар. Шабуыл жасаушы өлтірілді. Ол полиция формасын киіп, көлікпен жүрген.

Шабуылға 51 жастағы Гэбриел Уортман күдікке ілінді. Канада полициясының басшысы Бренда Луцки Си-би-си телеканалына оқиға әзірге теракт ретінде қарастырылып жатқан жоқ, себебін тексеріп жатырмыз деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бастапқыда шабуыл жасаушының нақты мақсаты болған, бірақ кейін бейберекет әрекетке көшкен.

Бірінші шабуыл сенбі күні Портапик қаласында болған. Онда үйлердің бірінен бірнеше адам денесі табылды. Жанындағы үйлер өртенген.

Полиция 12 сағат бойы шабуыл жасаушыны залалсыздандыруға тырысқан.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо шабуылды "жан түршігерлік оқиға" деп атады. Жаңа Шотландия үкіметінің басшысы Стивен Макнил "провинция тарихындағы қайғылы оқиға" деді.

1989 жылы Квебектегі Монреаль университетінде атыс болып, 14 әйел қайтыс болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641