Жексенбі, 24 Қараша 2024
3618 0 пікір 20 Сәуір, 2020 сағат 16:36

Жұмысын қайта бастаған кәсіпорындардың тізімі жарияланды

20 сәуірден бастап Алматыда өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс нысандары және заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін ХҚКО өз жұмысын бастады,-деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

Бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік комиссияның шешімімен 20 сәуірден бастап Алматы қаласында кәсіпорындарды кезең-кезеңімен іске қосу аясында: өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, сондай-ақ алдын ала жазылу бойынша нотариустар және тек бизнеске қызмет көрсету үшін Наурызбай ауданындағы ХҚКО-ның бір бөлімшесінің жұмысына рұқсат етілген.

Осы салалардағы кәсіпорындарды іске қосу аудиттен өткеннен кейін және кәсіпорындардың дайындығы және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы оң шешім алғаннан кейін мүмкін болмақ. Тексеруді жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, «СЭС» мамандары және «Атамекен» ҰКП қызметкерлерінің жұмыс топтары жүргізеді.

Аталған кәсіпорындар жұмысы іске қосылғаннан кейін олар бақылауға алынады және тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда оларға қызметін тоқтатуға дейін шара қолданылады.

Қызметкерлерді COVID-19 індетінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың толық тізімі қаланың барлық өнеркәсіп және құрылыс нысандары үшін әзірленген. Жұмыс берушілер қатаң санитарлық нормаларды сақтау үшін дербес жауапкершілікке ие.

Мәселен, нысандарда тепловизорлардың көмегімен және журналға тіркеумен байланыссыз термометрия мен денсаулық жағдайына байланысты сауалнама жүргізу арқылы күнделікті ауысым алдындағы медициналық тексеру талап етіледі. Барлық қызметкерлерді медициналық бетперделер және қолғаптармен, дезинфекциялаушы орамалдармен, сонымен қатар тері антисептиктерімен, санитайзерлермен қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар, жұмысшылардың топ болып жиналмауын қадағалау керек. Олар барынша арақашықтықты сақтауға міндетті. Жиындардың санын барынша қысқарту, сондай-ақ адамдардың бір жерде көп шоғырлануын, сонымен қатар, асханаларда болдырмау маңызды. Үй-жайларда тұрақты дезинфекция және ылғалды тазалау, желдету және ауа баптау жүйелері, сондай-ақ жеке гигиена үшін санитарлық тораптар және т.б. жұмыс істеуі тиіс.

Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, мұрын) және басқа да жұқпалы аурулар байқалатын қызметкерлерді жұмысқа жіберуге тыйым салынады. Бұл жағдайда қызметкерді дереу оқшаулап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет.

Жұмысын қайта бастаған кәсіпорындар тізімі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641