Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5197 6 пікір 21 Сәуір, 2020 сағат 13:11

Экономикалық одақ саяси одаққа ұласып бара жатыр

Економикалық одақ құру жөніндегі сөз алғаш 1996 жылғы көктемде шыққанда елдің көкірегі ояу, көзі ашықтары түршігіп қалды. Былайғы жұрт оны біле қоймады. Өйткені ол кезде қазіргідей ғаламтор, әлеужелі деген байланыс көздері болмады.

Бірақ, қызыл империяны көксеген орыстілді саясаттанушылар бір желпініп, айыздары қанды. Ақыры, араға 15 жылдай уақыт салып, Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Оның «нәтижесін» одаққа мүше елдер үкіметі көріп отыр, орта, шағын бизнесіміз әртүрлі кедергілерге ұшырауда, халқымыз соның салдарынан бірқатар игілігінен айырылуда.

Енді, Ресей президенті: «кеңестік кеңістіктегі елдер кеңестер одағы мен кеңес империясын қалпына келтіру жөніндегі ұсынысқа бұрынғы үрей мен фобиядан арылып, бірігу бәріне пайда әкелетінін түсіне бастады. Бұл артықшылықты барлығы аңдап, бұл ерекшелікті осы процеске қатысушылардың баршасы сезініп отыр. Енді біз бұдан әрі қарай жылжимыз, жаңа қадамдар жасап, алға ұмтыламыз», деді.

Яғни, экономикалық одақ саяси одаққа ұласып бара жатыр. Осы одақтың тамырына балта шаппаса, онысыз да ресейге экономикалық, ақпараттық жағынан тәуелді еліміз, бұғалыққа мүлде түседі.

Бізге, ресеймен одақ болғанша АҚШ-пен одақ болған жөн. Ол халықаралық құқық аясында ынтымақтасады және көршіміз сияқты тікелей ықпалы бола қоймайды.

Сондықтан, бірнеше ғасыр орыстың отарына айналған қазақ мемлекеті үшін «одақ» деген сөз, «тозақ» деген сөзбен үндес жатқандай көрінеді.

Әділбек Ыбырайымұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385