Жексенбі, 24 Қараша 2024
3659 2 пікір 22 Сәуір, 2020 сағат 14:46

Миссури штаты Қытайды коронавирус пандемиясы үшін сотқа берді

АҚШ-тың Миссури штатының бас прокуроры Қытайды сотқа берді. Эрик Шмитт Бейжіңді коронавирус індеті туралы ақпаратты жасырды, штат тұрғындарына зиян келтірді деп айыптайды.

Шағымда коронавирустың кең таралып кетуіне Қытай жауапты екені, індеттің алдын алуға болатыны айтылған. Шмитт Қытай билігі елін тез жабуы керек еді деп есептейді. Ол сонымен бірге вирустың адамнан адамға тез жұғатыны туралы ақпаратты жасырып келді деп айыптайды.

Құрама Штаттарда бұдан бөлек Қытайға қарсы бірнеше арыз берілген. ABC телеканалының хабарлауынша, Нью-Йорктың үш тұрғыны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) сотқа берді. Олар аталған ұйым Бейжіңмен пандемияға байланысты құпия сөз байласқан деп есептейді.

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп та ДДСҰ-ны айыптап, қаржыландыруды уақытша тоқтатты. Трамптың пікірінше, ДДСҰ Қытайға сеніп, індеттің алдын алуын тоқтата алмай қалды. Трамп Қытайдың COVID-19 вирусын жұқтырғандардың көрсеткіші туралы мәліметіне сенбейтінін бірнеше рет айтқан.

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар бойынша АҚШ бірінші орында тұр – 820 мың адамнан вирус анықталды, 45 мыңнан астам адам көз жұмды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5596