Жексенбі, 24 Қараша 2024
3221 4 пікір 23 Сәуір, 2020 сағат 12:07

Зеленский Михаил Саакашвилиге Украина вице-премьері қызметін ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге Украинаның реформалар жөніндегі вице-премьері қызметін ұсынды. Бұл туралы Саакашвили сәрсенбіде фейсбукте жазды.

Оның айтуынша, президент ұсынған қызметті ол Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен талқылаған. Саакашвили бұл ұсынысты "үлкен құрмет" деп атап, сайлау кезінде Владимир Зеленскийді қолдағанын атап көрсетті.

Саакашвилидің үкіметке шақырылғанын "Новая газета" басылымы "Слуга народу" партиясындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлаған. Фракция басшысының орынбасары Евгения Кравчук ақпаратты растады. Оның айтуынша, Саакашвили жұма күні депутаттармен кездесіп, бағдарламасын ұсынады.

2015 жылы мамырда Украинаның сол кездегі президенті Пётр Порошенко Саакашвилиді Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындаған, украин азаматтығын берген. Бірақ 2017 жылы ол бұл шешімдерінен бас тартты.

Сол жылы қыркүйекте Саакашвили көмекшілерінің көмегімен Украинаға келіп, Порошенконың қызметтен кетуін талап еткен. Оған ел аумағына кіруге тыйым салған. 2019 жылы мамырда Владимир Зеленский оған азаматтықты қайтарып берді.

Саакашвилидің жаңа қызметін Жоғарғы рада мақұлдауы тиіс. Рада бұл мәселені 24 сәуірде дауысқа салады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583