Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 24 Қазан, 2011 сағат 15:04

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қаза болғандардың арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ (толықтыру)

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ - Түркиядағы жер сілкінісінен және Тайландтағы су тасқынынан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев.

«Біз Анкарадағы елшілігімізден ақпарат алдық, қаза болғандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ», - деді ол дүйсенбі күні сәйкес сұраққа жасап беру барысында.

Сондай-ақ, А.Әбиболлаев Тайландтағы су тасқынынан зардап шеккендердің арасында да қазақстандықтардың жоқ екенін нақтылады.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, магнитудасы 7,2-7,6 балдық жер сілкінісі 23 қазанда елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде болған. Сейсмологтардың мәліметтеріне сәйкес, зілзала кіндігі 10 кг тереңдікте Ван елді мекенінің солтүстігінде 42 км жерде болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мыңға жуық адам зардап шеккен, 200 адам қаза болды, жүздеген ғимарат зардап шекті, ондаған ғимарат толығымен қирады.

АҚШ-тың геологиялық басқармасының хабарлауынша, 24 қазан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында, Ван қаласына жақын жерде магнитудасы 6,1 балдық дүмрулер тіркелді.

Дүмпулердің ошағы Ванның солтүстік-батысында 20 км жерде 9 км тереңдікте болған.

Ал Тайландтағы су тасқынынан 300-ден аса адам қаза тапқан, деп хабарлайды БАҚ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383