Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3247 4 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 12:08

Ораза - адам бойындағы ізгі амалдарды тереңдетіп, ойға жетелейді

Міне бүгін исі ислам жамағаты қадірлейтін рамазан айы басталды. Биылғы ораза әлемді шарпығын коронавиурс пандемиясына байланысты қабылданған тиым – карантин жағадайында өтетін түрі бар.

Қазақ – Тәңірден жақсы тілек тілеп, жақсылыққа қол жайып жүретін ел. Өз басына, ошағына ғана емес, жалпы елге тыныштық, амандық тілейді. Сол имани тілегін бүгінгі қазақ елі байтақ әлемге таңып отыр. Дәстүрлі діндер мен діни конфессия өкілдерінің Елордамызда бірнеше рет бас қосып, алқақотан жиын өткізуі соның айғағы.

Діндарлардың құрылтайын өткізуді көп көріп, оған жұмсалған қара бақырды шотқа салып сөйлейтіндер де табылады арамыздан, алайда діни татулыққа, адамзат баласын ауызбіршілікке үндеуге тиіс үлкен ұйымдар үнсіз отырғанда бір ел бастама көтеруі керек еді ғой. Сол ел біз болыппыз. Ал енді бар ғой, мақтанды, пафосты қойып сөйлесек, төрткүл дүние жұртын бейбіт келісімге, жарасымды өмір салтына шақырғанның несі айып, несі артық? Екі адам қырбайласып қалса, қос тентекті келеге шақыру тегінде есті адамның ісі емес пе? Солай екен, ендеше, біз де Елордамыздың дәстүрлі діндер мен діни конфессиялар арасын жақындастырып, дөңгелек үстел басына отырғызған ымырашыл миссиясына мән бере жүрелік.

Ораза адам бойындағы ізгі амалдарды тереңдетіп қана қоймайды, ойға жетелейді. Ой – оразада оңашаланған адамның игілікті жұмысы. Ораза қабыл болсын, ағайын! Мынау қара пәленің беті қайтып, бәрімізді есен-аман жүздестіруге жазсын Тәңірім!

Дәурен Қуаттың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570