Жексенбі, 24 Қараша 2024
4283 0 пікір 25 Сәуір, 2020 сағат 13:35

Өзбекстан коронавируспен ауырған бір науқасқа қанша жұмсалатынын айтты

Өзбекстан үкіметі коронавируспен ауырып жатқан бір науқасты емдеуге 32 млн сум (3 мың доллар), ал жағдайы нашар, жансақтау бөлімінде жатқан науқасқа орта есеппен 64 млн сум (6,3 мың доллар) жұмсайды.

Осылай деп Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Алишер Шодмонов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 14 күндік карантинде жатқан әрбір азаматқа орта есеппен 2,4 млн сум (237 доллар) шығын кетсе, індеттен айығып, қалпына келіп жатқан әрбір азаматқа 2,8 млн сум (276 доллар) жұмсалады.

Коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге 16 мың орын дайындалған, қосымша 20 мың адамға дәрі қоры бар.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстанда 1758 адамнан коронавирус анықталды. 561 науқас айығып шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576