Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3107 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 22:08

Айнұр Қалдарбек. Электронды кітапханада көркем әдебиетке орын бар ма?

 

«Өнер-білім бар жұрттар
тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
жылдам хабар алғызды»

деген Ыбырай атамыздың ХХ ғасырдың басында айтқан өлең шумақтары бүгінде өзекті болып тұр. Құдды бір заманымыздың соны технологиясы - интернет жайлы секілді. Ауылдағы қазан-ошақтың басында жүрген қатын-қалаш, шал-кемпірден басқасының барлығында қазір интернет деген бар. Бүгінде интернет, әсіресе, студенттерге таптырмайтын құрал. Реферат, курстық, тіптен диплом жұмыстары ма, кандидаттық, докторлық жұмыстар да самсап тұр. Ал әлемнің дамыған елдерінде интернет-кітапхана деген әлдеқашан тәжірибеге еніп кеткен. Бізде енді ғана қолданылып жүр. Дегенмен қазақтың барлық жазушысының шығармаларын түгелдей табасың деп айту қиын. Осы ретте ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің берген деректеріне зер салсақ:

 

«Өнер-білім бар жұрттар
тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
жылдам хабар алғызды»

деген Ыбырай атамыздың ХХ ғасырдың басында айтқан өлең шумақтары бүгінде өзекті болып тұр. Құдды бір заманымыздың соны технологиясы - интернет жайлы секілді. Ауылдағы қазан-ошақтың басында жүрген қатын-қалаш, шал-кемпірден басқасының барлығында қазір интернет деген бар. Бүгінде интернет, әсіресе, студенттерге таптырмайтын құрал. Реферат, курстық, тіптен диплом жұмыстары ма, кандидаттық, докторлық жұмыстар да самсап тұр. Ал әлемнің дамыған елдерінде интернет-кітапхана деген әлдеқашан тәжірибеге еніп кеткен. Бізде енді ғана қолданылып жүр. Дегенмен қазақтың барлық жазушысының шығармаларын түгелдей табасың деп айту қиын. Осы ретте ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің берген деректеріне зер салсақ:

Кітап қоры бүгінде 6 млн 17 мың 527 дананы құрайтын кітапхана құжаттарын 1999 жылдан бастап сандық түрге көшіргеннен бері сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорынан 200-ден астам құжаттар (кітаптар, альбомдар, журналдар, газеттер және микрофильмдер) сандық түрге көшірілді. Оның ішінде Қ.А.Иасауидің «Рисаласы», Әбілғазының «Хандар шежіресі», Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыры», Ы.Алтынсариннің, Ж.Аймауытовтың, Б.Майлиннің шығармалары; «Айқап», «Садақ», «Таң» журналдары, «Қазақ», «Еңбекші қазақ» газеттері, сондай-ақ музыкалық және ноталық шығармалардың сандық электронды мұрағаты құрастырылуда. Электронды форматқа Қазақстанда шыққан 866 тасымалдаушы (винилді күйтабақтар) өткізілді. Сандық түрге көшірілген құжаттарды ҚР Ұлттық кітапханасының мына сайтынан www.nlrk.kz толық оқи аласыздар.

Елімізде интернетпен жұмыс істейтіндердің саны 1 миллионнан асып жығылады. Оның ішінде 25 пайызы күніне бірнеше рет, ал 4,7 пайызы күніне 1 рет, 17,8 пайызы аптасына 2-3 рет, 19,4 пайызы айына 2-3 рет пайдаланады. Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің берген дерегі бойынша, мультимедия залына күніне 30-ға жуық оқырман келеді екен. 2008 жылғы көрсеткіш бойынша, барлығы 6026 оқырман, 2009 жылдың 1 желтоқсанындағы көрсеткіш бойынша, 1990 оқырман электрондық оқулықтардың және интернет желісінің мағлұматтарын пайдаланған. Ал қазіргі уақытта ҚР Ұлттық кітапханасының сайтын күніне 1000 оқырман пайдаланады. 2008 жылғы сайттарды пайдаланушыларының есебі 355 895-ке жеткен.

Кеңестік дәуірде екінің бірі кітап оқыса, солардың сарқыншағы бүгінде интернетте отырады. Сол себептен де жасы үлкен ағаларымыздың аузынан «қазір кітап оқымайтын буын келді» дегенді жиі естіп жүрміз. Шын мәнісінде де солай. Бір кітапқа үңіліп отырғаннан гөрі, интернеттегі сан алуан сайттарға кіріп, түрлі мағлұматтар алғанды жөн көреді. Осы орайда өзгелердің де пікіріне назар аударсақ.
Бірінші  пікір

Құлбек Ергөбек (ф.ғ.д., профессор):

- Кітап мәдениетінің өзі қазақ халқына кенжелеп кеш жеткен. «Көнерген мәдениеттің бәрін бойына сіңірген адам ғана өзін мәдениетті адам санай алады», - деп Л.Н.Толстой айтқандай, кітаптың міндеті осы адамзат баласының жасаған мәдениетін игеру болатын. Кезінде КСРО-дағыдай кітап оқығыш ел болған жоқ. «Көршің соқыр болса, көзіңді қыс» дегендей, өзге ұлттарға қарап, қазақ елі де кітап оқудың биік мәдениетіне келді. Қойшының қонышында «Жұлдыз» журналы жүретін. Олар «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерін қолынан тастамай оқитын. Біз сол кездегі «Лениншіл жас» газетінде қазақтың баяғы Орхон-Енесей жазбаларын тапқан бір шопанның және қазақ тарихын зерттеп жүрген тағы біреуінің материалын жариялаған едік. Осының бәрі қай мамандық иесі болмасын, кітап оқудың мәдениетін игергенін білдіреді. Қазақ халқы да ХХ ғасырдың 70-80 жылдары осы биікке жетіп қалған еді. Бәлкім, жақсылық, бәлкім, жаманшылық, кім білсін, бүгінгі таңда электронды техника, интернет кітап оқуды ығыстырып бара жатыр. Бұл бір жағынан бір формациядан екінші формацияға өту кезінде кітап оқымайтын буындар қалыптасқаннан туындады.

Екінші пікір

Элеонора Якия, «Азаттық радиосының» веб-редакторы:

- Интернеттің қазіргі таңдағы ақпарат құралы ретіндегі рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Оның барлық мүмкіндігін ескере отырып, бәрібір интернет кітаптың орнын ешқашан да алмастыра алмайды деп айтар едім. Интернеттегі кітап қолыңыздағы компьютерді кез келген жерде ашып жіберіп, қарай салу жағынан қолайлы, әрине, бірақ... Осы кезге дейін оқып келген кітаптарымыздың барлығын қазір электронды жүйеге ауыстыруға мүмкіндік бар. Дегенмен қандай қызық кітап болса да, интернеттен оқығанның кәдімгі қолға ұстап оқыған кітаптай рахат сезімі болмайды. Қазір интернет біздің әрқайсымыздың ажырамас құралымызға айналып, «үйімізде, төрімізде» тұрған нәрсе. Мәселен, мен жұмысыма тікелей байланысты болғандықтан, таңертеңнен кешке дейін интернетте отырамын. Одан барлық ақпаратты аламын, бұл жағынан оның маңыздылығына, ұшқырлылығына таласым жоқ. Интернетке сүйеніп алғанымыз сондай, жекелеген сұхбаттар мен қызықты тақырыптар кездесіп қалмаса, қазір газетті де көп оқымайтын болдық. Жеткіншек жастарды қайдам, әріп танығаннан бастап кітап жастанып өскен буынның өкілдері үшін бұл екі нәрсені қатар қою да қиындау шығар, мүмкін бұл консерваторлық көзқарас болып та көрінер, бірақ шыны - осы. Мен интернеттен көркем шығармалар емес, көбінде психологиялық және кәсіби жұмысыма қатысты кітаптар қараймын, онда да уақыт болғанда. Кеңсеге келген соң әркімнің бөлініп берілген қызметі бар, кітап оқу үшін интернет ақтаруға мүмкіндік ылғи бола бермейді. Ал интернеттегі әдеби кітаптарға келсек, шетелдік авторлар болмаса, қазақ ақын-жазушыларының шығармалары түгелдей интернетке түсіп болған жоқ, біздің қаламгерлердің шығармаларының толық нұсқасы емес, тізімі, каталогы ғана бар, яғни жекелеген шығармалар болмаса, кітаптарды толығымен алып оқуға мүмкіндік жоқ.

 


Айнұр Қалдарбек

«Алаш айнасы» газеті 24 маусым 2009 жыл

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434