Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2960 0 пікір 25 Қазан, 2011 сағат 13:17

Қазақстанның ормандарын тек заң қабылдау арқылы сақтау мүмкін емес, деп сенеді АШМ өкілдері

Астана. 25 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда қалған орманды алқапты сақтау үшін бірінші кезекте заңнаманы емес, орман резерватының маңында мекен ететін адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгерту керек, деп есептейді ҚР АШМ-нің орман және аңшылық шаруашылық комитетінің  төраға орынбасары Игорь Коваль.

«Біз екі резерват (ерекше қорғалатын «Ертіс орманы» және «Семей орманы» резерваттары - ҚазТАГ) орасан зор алқап екенін түсінеміз. Бірақ біз әрбір ағашқа күзет қоя алмаймыз ғой! Егер сол орманды алқапта тұратын, сол орманның игілігін көріп отырған адамдардың өздері орманға саналы түрде, тиімді көзқараспен қарамайынша, оның еш мағынасы жоқ», - деді ол сейсенбі күні орман шаруашылығын басқару мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» отырысында.

Ол резерваттар «өмірдің жақсылығынан құрылмағанын» еске салды. 2000-шы жылдардың басында бақылаусыз қырқу және өрттердің салдарынан Қазақстанның шығысындағы орманды жолақ құрып кетудің алдында тұрды. Сондықтан ол жерлерді ерекше қорғалатын аймақ деп жариялау туралы шешім қабылданды.

Заңнама туралы И. Коваль, қазір парламентте Орман кодексіне толықтырулар мен түзетулер жатқанын еске салды. Атап айтқанда, ол мектеп орман шаруашылықтарына назар аударды.

«Заңнамада мектеп орман шаруашлығы деген ұғым енгізіледі. Ол орман шаруашылықтарын қаржыландыру және көмек көрсету тетіктері қарастырылған. Балаларға арнайы формалар мен аспаптар, арнайы жабдықтар беру жағдайы ерекше айтылады. Біз ол түзетулер осы жылдың аяғына дейін қабылданатын шығар деп сенеміз», - деді И. Коваль.

Мемлекеттік резерваттар - «Ертіс орманы» және «Семей орманы» 2003 жылы құрылғанды. «Семей орманы» резерватының ауданы 662 167 га. Ол Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Абай, Аякөз, Тарбағатай аудандарының территориясын қамтиды. «Ертіс орманы» резерватының ауданы 277 961 га. Ол Павлодар облысының Щербакты және Лебяжі аудандарында орналасқан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353