Жексенбі, 24 Қараша 2024
3542 1 пікір 28 Сәуір, 2020 сағат 10:38

«Birgemiz» қорынан 330 мың отбасыға көмек көрсетілді

Ел үкіметі азаматтарды жайлы өмір, толымды тұрмыс салтымен қамтамасыз ету мақсатында көптеген игілікті шаралар жүргізіп келеді. Ел тұрғындарына деген қамқорлық әдеттігі күндерде ғана емес, түрлі апаттық және төтенше жағдай кезінде де өз жалғасын табады. 

Ел үкіметінің азаматтарды қолдау саясаты мынау тұтас дүниені табанынан тік тұрғызған аса қатал коронавирус індеті кезінде де тоқтаған жоқ. Аталған індет алыс-жақын шетелдерді ғана емес, біздің елді де айналып өткен жоқ. Біздің елде де талай адам ауыру жұқтырып, ауыруханаға жатқызылды. Елде төтенше жағдай жарияланып, бүкіл ел карантинде отыр. Осы жағдайға байланысты бірталай азамат жұмыстарынан уақытша айырылып қалды. Сөйтіп, олардың табыс көзі тоқтап, кейбірінде тіпті күнделікті күнкөрістің қамын қамдаудың өзі қиынға соқты.

Осы жағдайды ерекше назарда ұстаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды жан-жақты қолдау шараларын қолға алуды тапсырды. Негізгі жұмыс бағыты, карантинге байланысты табысынан айырылған тұрғындарға ең төменгі айлық табыс көрсеткіші мөлшерінде (42500 теңге көлемінде) қаржылай қолдау көрсетілді. Ресми ақпараттарға сенсек бұл қаржыны бірнеше миллион ел тұрғыны алған көрінеді.

Елдегі осынау жағдайларға бей-жай қарамаған Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та халыққа көрмектесіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назабаевтың арнайы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры карантин кезінде табыс көзінен айырылып, қиыншылыққа ұшыраған 330 мыңнан аса
мұқтаж отбасыға елу мың теңгеден біржолғы қаржылай көмек көрсетті. Бұл көмек алдағы күндері тағы да отыз мыңнан астам отбасыға беріледі деп жоспарланып отыр. Аталған ақпаратты «Birgemiz» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек мырза мәлімдеді. Ол бұл ақпаратты Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Birgemiz» қоры сонымен қатар Дүниежүзілік екінші соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғыстың қырық мың қатысушысы және аталған соғысқа қатысқан мүгедек ардагерлер, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне елу мың теңгеден төлемақы берілді. Мұнда сегіз жүзден  астам ардагер мен сегіз мыңан аса тыл еңбеккеріне түрлі азық-түлік
себеттері және жеке қорғаныс заттары жеткізілді. Мұндай ардагерлерді
қолдау қызметі тағы да жалғасты жүргізілетін болады.

Жоғарыда аталған арнайы көмекті алушылардың ресми тізімі Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған арнаулы тізім бойынша белгіленген жеті категорияға сай жасалды. Тізім аталған ережеге сай әкімдіктер тарапынан берілді.

Көмек алушылардың қатарында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар және көмекке мұқтаж мүгедек жандар, ең төменгі зейнетақы алатын және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа кіретін зейнеткерлер бар. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері және оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері де көмек алушылардың тізіміне енді.

«Қордан берілетін көмектің екінші толқыны аясында 10,5 млрд.
теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қор ресурстары шектеулі, сол
себепті қолдау шынында көмекке мұқтаж, материалдық жағдайы
төмен азаматтарға ғана көрсетілетін болады»,- деді қор төрағасы
Руслан Сакеев.

Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры осы айдың басында мұқтаж жандарға коронавирустан сақтану құралдарын таратқан болатын. Нақтырақ айтқанда сәуір айының басында аталған қор ел азаматтарына бес миллионнна аса маскамен қамтамасыз еткен еді.

Ай басында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры елдегі төтенше жағдайға байланысты, отандық «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен бес миллион маска сатып алу туралы келісімшарт жасасқан болатын. Бұл келісімшарт Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысы бойынша жасалғанын айта кету керек.

Осының алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында еліміз аумағында коронавирустың таралуына қарсы шаралар шеңберінде, көмекке мұқтаж азаматтарды түрлі қажетті қорғаныс бұйымдарымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл қорғаныс құрадар қатарында медициналық маскалармен қамтамасыз етдің қажеттілігі аса жоғары екені айтылған.

«Birgemiz» қоғамдық қорының төрағасы Руслан Сәкеевтің айтуынша, арнайы келісімшартпен сатып алынған бұл маскалар коронавирустан ең көп зардап шеккен ірі қалалар - Нұр-Сұлтан қаласына (2 миллион дана), Алматы қаласына (2 миллион дана) және Шымкент қаласына (1 миллион дана) жеткізілетін болады.

Екіжақты келісімшарт бойынша, «СҚ-Фармация» компаниясы жоғарыда аталған қалаларға медициналық маскаларды он күн ішінде жеткізуге міндеттеледі. Бір масканың бағасы оның аталған қалаларға жеткізілу бағасын қоса есептегенде 118 теңге болуы керек. Сонымен қатар, сатып алынған осы маскалардың сапасына да «СҚ-Фармация» компаниясы жауапты болады. Ал жергілікті әкімдіктер бұған дейін «Birgemiz» қоғамдық қорымен жасасқан келісімшарт бойынша, маскаларды тарпсырып алғаны жайлы уақытылы есеп беріп отыруға міндетті. Әрі бұл медициналық маскалардың тиісті мекен-жайларға белгіленген уақытта жеткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.

«Маскалар ең алдымен, тұрғындардың вирус жұқтыру қауіпі жоғары әлсіз топтарына, оның ішінде жалғыз басты қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ҰОС-ның ардагерлеріне және оларға теңестірілгендерге, тыл еңбеккерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды күтуші адамдарға арналған», - деді Руслан Сәкеев.

Сөз соңында айта кетеріміз, «Birgemiz» қоғамдық қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Қоғамдық қор коронавирус пандемиясына қарсы күрес кезінде ел азаматтарының көмекке мұқтаж топтарын қолдау мақсатында құрылды. Қор құрылған соң қор есебіне 13 миллиардтан астам теңге түскен. Қордан көмек алушалатын азаматтардың тізімін жасау үшін жергілікті әкімдіктер және әлеуметтік қамсыздандыру мекмелерінің есебіне сүйеніп, жұмыс жүргізіліп жатыр.

Біз жоғарыда «Birgemiz» қоғамдық қорының сәуір айындағы екі нақты көмегімен таныстырдық. Бір ай басында, бірі ай соңында жасалған жасалған әлеуметтік көмек. Қордық жұмысы біз көрсеткен екі мәліметпен шектелмейді. Елде төтенше жағдай жарияланғаннан бері аталған қор тынымсыз жұмыс істеп келеді. Азаматтарған көрсетілген өзге де көмектің барлық түрлері мен қор есебіне түскен қаражат бойынша аталған ұйымның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында үздіксіз жарияланып тұрады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566