Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2797 0 пікір 26 Қазан, 2011 сағат 05:04

Қуандық Шамахайұлы. Келесі «Нобель» кімге бұйырады?

Әлем баспасөзі қазірдің өзінде бейбітшілік саласы бойынша келесі Нобель сыйлығын кім алады дегенді қызу талқылап жатыр. Ендеше, Қырғыз Парламентінің дәл сол сыйлық беріліп жатқан тұста ұсыныс жасағанын әпенділікке балаудың еш негізі жоқ екен. Несі бар, қазақтың бір баласы сол мәртебелі сыйлықты алып, дүниені бір дүр сілкіндірсе, неге қуанбасқа.  Алайда, келесі үміткерлер арасында сол қазақ баласы бар ма екен?! Оны сіз де білгіңіз келеді. Олай болса, бірлесіп іздейік.

«Apple» корпорациясының аты аңызға айналған көшбасшысы Стив Жобсты бәрі лайық көргенімен Нобель сыйлығы тек көзі тірілерге ғана беріледі екен. Осы себептен, өзін өртеп, Тунис төңкерісінің алауын жаққан студент Мохамед Боуазиз 2011 жылғы Нобель сыйлығы үміткерлері тізімінен алынып тасталған.

Нобель сыйлығы иегерлерінің кім болатындығы алдын ала белгіленіп қойылған тұстары тарихта баршылық екен. Мысалы, кезінде Мартин Лютер Кинг, Тереза ана, Нельсон Мандела, Аунг Сан Суу Киу секілді тұлғалар күні бұрын анықталып, жыл соңында сыйлықтарын қолға алған. Биылдың өзінде бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына 241 ұсыныс түскен. Оның ішінде  Жулиан Ассанжидің құрған «WikiLeaks» сайтының шоқтығы биік тұрғаны ерекше назар аудартуда.

Оның жөні де бар.  «WikiLeaks» -  Ирак, Ауғанстан соғысының аса құпия материалдары мен бейнежазбаларын айдай әлемге паш етті. АҚШ дипломаттарының мыңдаған құпия ақпараттарын әшкере етіп, жариялауы арқылы дүниежүзінің назарын аудара білді. Осы тұрғыдан «WikiLeaks» сайтының негізін салушы Жулиан Ассанжиді Нобелдің бейбітшілік сыйлығын алады деушілер әлі баршылық екен. Норвегия солшыл социалистік партиясының мүшесі Снорре Вален өз «Twitter»-інде: «Адам құқы мен сөз бостандығы күрескері, қытайлық қоғам қайраткері Лю Зябао өз билігінен демократиялық құндылықтарды талап еткені үшін өткен жылы Нобель сыйлығын алды. Сол секілді «WikiLeaks» те демократиялық құндылықтарды қорғау жолында парақорлықты, соғыс қылмыстарын, қуғын-сүргіннің шынайы деректерін анықтады ғой» - деген екен.

Норвегиялық бейбітшілік істерін зерттеу институтының директоры  Кристиан Берг те диктатуралық тәртіпке қарсы күресте еңбегі сіңген бір топ адамды аталмыш сыйлыққа ұсынып отырған көрінеді. Олардың арасында 2008 жылы Мысыр елінде жастардың онлайн қозғалысын ұйымдастырған Исра Абдел Фатта бар. Оны Мысыр қауіпсіздік қызметі тұтқындағанымен Хосни Мүбәрәк режимін құлатқандар арасында «Facebook қызы» деген атпен атаққа шығып, жастар оған тіпті табынып кеткен көрінеді.  Оны «Arabian Business» журналы 2011 жылғы ең ықпалды әйелдер қатарына жатқызған. Нобель сыйлығына ықтимал жандардың тағы бірі - «Google»-дің  экс-атқарушы директоры Вэл Гоним. Ол әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, Мысыр елінде қоғамдық ірі өзгеріс әкелген. «Twitter», «Facebook» арқылы таратқан оның үндеулері сан мыңдаған халыққа жетіп, қоғамға елеулі өзгеріс енгізді. Нобелдің бейбітшілік сыйлығын екі мәрте алғандар жоқ шығар деп ойлайтын едік. Сөйтсек, Қызыл крест халықаралық комитеті, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссиясы оны екі рет алып жіберген көрінеді.  Сонымен алдағы жылғы Нобелдің бейбітшілік сыйлығының иегері болу мүмкіндігі өте зор адамдар қатарына неміс канцлері болған Гельмут Коль, Кубаның оппозиционері Освальдо Паяас Сардинас, Йорданияның бейбітшілік елшісі  Гази бин Мұхаммед әлем баспасөзінде жиі аталуда.

Ал, қазақ баласының аты-жөнін қанша жерден қадала іздесек те кездестіре алмадық, өкінішті, әрине!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353